https://sputnik.kz/20220417/petropavl-zhylu-ortalygy-zhondeu-175-mlrd-tenge-24257861.html
Петропавл жылу орталығындағы апат: жөндеу жұмыстарына 17,5 млрд теңге жұмсалады
Петропавл жылу орталығындағы апат: жөндеу жұмыстарына 17,5 млрд теңге жұмсалады
Sputnik Қазақстан
Кәсіпорынды қалпына келтіруге 17,5 млрд теңге қажет 17.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-17T10:23+0500
2022-04-17T10:23+0500
2022-04-17T10:23+0500
өңірлер
петропавл
жылу электр орталығы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/11/24256506_0:133:1281:853_1920x0_80_0_0_9272bf026aaf368ff1c74aac9e5cd503.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Жуырда мұржасы құлаған Петропавл ЖЭО-2 жұмысын қалпына келтіру бойынша жол картасы әзірленді. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақовтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында белгілі болды.Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, жол картасы бес блокқа бөлінген. Іс-шараларды жүзеге асыруға бөлінетін қаражаттың жалпы сомасы 17,5 млрд теңгені құрайды."Бұл жылу орталығының алдағы жылу беру маусымына уақытылы және сапалы дайындығын қамтамасыз етеді", - деп сендірді министрліктегілер.Министрлік төтенше жағдайдан кейін жылу орталығының техникалық жай-күйін бағалау үшін тәуелсіз сарапшы комиссиясын жіберді.Жиын қорытындысы бойынша жүргізілген сараптама мен талдау нәтижелерін ескере отырып, энергетика министрі Болат Ақшолақов станция басшылығына бірқатар нақты тапсырма берді.Петропавл ЖЭО 1961 жылы пайдалануға берілген. Ол Солтүстік Қазақстан облысындағы жалғыз электр және жылу энергиясының көзі. Станцияның бекітілген электр қуаты – 541 МВт, жылу қуаты – 713 Гкал/сағ. Станцияның негізгі жабдығының физикалық тозуы 56,1%-ті құрап отыр.Еске салсақ, 20 наурызда Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы опырылып құлады. Соның салдарынан бірнеше қазандықтың жұмысын тоқтатуға тура келді. Үйінді астынан машинист әйелдің мәйіті табылды.Төтенше жағдайдан кейін ЖЭО-2 директоры мен бас инженері қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 254-бабы ("Міндеттеріне адал қарамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
https://sputnik.kz/20220408/petropavl-zhylu-elektr-ortalygyndagy-apat-24089426.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/11/24256506_38:0:1175:853_1920x0_80_0_0_1db456035e4c98429114d36dd9b79eff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, жылу электр орталығы
петропавл, жылу электр орталығы
Петропавл жылу орталығындағы апат: жөндеу жұмыстарына 17,5 млрд теңге жұмсалады
Кәсіпорынды қалпына келтіруге 17,5 млрд теңге қажет
НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Жуырда мұржасы құлаған Петропавл ЖЭО-2 жұмысын қалпына келтіру бойынша жол картасы әзірленді. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақовтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында белгілі болды.
Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, жол картасы бес блокқа бөлінген. Іс-шараларды жүзеге асыруға бөлінетін қаражаттың жалпы сомасы 17,5 млрд теңгені құрайды.
"Бұл жылу орталығының алдағы жылу беру маусымына уақытылы және сапалы дайындығын қамтамасыз етеді", - деп сендірді министрліктегілер.
Министрлік төтенше жағдайдан кейін жылу орталығының техникалық жай-күйін бағалау үшін тәуелсіз сарапшы комиссиясын жіберді.
Жиын қорытындысы бойынша жүргізілген сараптама мен талдау нәтижелерін ескере отырып, энергетика министрі Болат Ақшолақов станция басшылығына бірқатар нақты тапсырма берді.
Петропавл ЖЭО 1961 жылы пайдалануға берілген. Ол Солтүстік Қазақстан облысындағы жалғыз электр және жылу энергиясының көзі. Станцияның бекітілген электр қуаты – 541 МВт, жылу қуаты – 713 Гкал/сағ. Станцияның негізгі жабдығының физикалық тозуы 56,1%-ті құрап отыр.
Еске салсақ, 20 наурызда Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы опырылып құлады. Соның салдарынан бірнеше қазандықтың жұмысын тоқтатуға тура келді. Үйінді астынан машинист әйелдің мәйіті табылды.
Төтенше жағдайдан кейін ЖЭО-2 директоры мен бас инженері қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 254-бабы ("Міндеттеріне адал қарамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.