Ауыл шаруашылығы министрлігі астық пен ұн экспортын шектеді

© Pixabay / Bru-nOҰн
Ұн - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2022
Жазылу
Экспорттаушылар зардап шекпеуі үшін 300 мың тонна ұнға квота жеткілікті
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі астық пен ұн экспортын шектеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселесі туралы" Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылдың 16 сәуіріндегі № 110 бұйрығымен бидай мен ұнды экспорттауға квоталау енгізіледі. Қазір бұйрық әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолданды.
Өткен аптада ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы астық пен ұн экспортына шектеу екі апта ішінде енгізіліп, 15 маусымға дейін жалғасады деп мәлімдеді. Осылайша, Қазақстан осы кезеңде 1 млн тонна астық пен 300 мың тонна ұн сата алады.
Бұл ретте өндірушілер ішкі нарыққа шығарылатын көлемнің 10%-ін, әрі төмендетілген бағамен, яғни 100 мың тонна астық пен 30 мың тонна ұнды жеткізуге міндетті.
Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының пікірінше, бұл ұн мен астық экспорттаушылардың құқығын шектемейді, өйткені кейінгі бес жылдағы экспорт динамикасы орташа есеппен айына 100-120 мың тонна ұн экспортталатынын көрсетіп отыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының айтуынша, экспорттаушылар зардап шекпеуі үшін 300 мың тонна ұнға квота жеткілікті. Қазақстаннан орташа айлық астық экспорты 500 мың тоннаға тең.
Жаңалықтар
0