https://sputnik.kz/20220416/toqaev-askeriler-turgyn-uy-zan-24247952.html
Тоқаев әскерилердің баспана мәселесін шешетін заңға қол қойды
Тоқаев әскерилердің баспана мәселесін шешетін заңға қол қойды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілердің баспана мәселесін шешуге бағытталған заңға қол қойды, деп хабарлайды... 16.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-16T12:57+0500
2022-04-16T12:57+0500
2022-04-16T12:57+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
әскери қызметкер
заң
https://sputnik.kz/img/1004/41/10044189_0:0:2500:1407_1920x0_80_0_0_5d3447a6d4e9095c32f8a861d03be4ff.jpg
АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілердің баспана мәселесін шешуге бағытталған заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда. Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Заң арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, әскери қызмет атқаруды реттеуге бағытталған. Бірінші. Тұрғын үй төлемдері тәртібін жетілдіру және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілерді, ал олар қаза тапқан жағдайда – олардың отбасы мүшелерін баспанамен қамтамасыз ету. Атап айтқанда, еңбек сіңірген жылдары 10 және одан да көп жылдан асатын, асырауында мүгедек баласы бар тұлғаларға, сондай-ақ әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен босатылған адам қаза тапқан жағдайда, отбасы мүшелеріне өздері тұратын тұрғын үйді өтеусіз алу құқығы беріледі. Сондай-ақ баспанаға мұқтаж деп танудан бас тарту жағдайлары нақтыланды. Екінші. Арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерудің жекелеген мәселелерін реттеу. Атап айтқанда, арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен тыс уақытта есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді медициналық емес мақсатта пайдаланса, қоғамдық орынға мас күйде арнайы формада келсе және ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысқаны анықталса, ол теріс себептермен жұмыстан шығарылады. Үшінші. Әскери қызмет өткерудің жекелеген мәселелерін тәртіпке келтіру. Мұнда әскери қызметшілердің міндеттері толықтырылды. Олар қызметтік әдепті сақтауға, әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар оларға көпшілік алдында әскери қызмет мүдделеріне зиян келтіретін сөз сөйлеуге тыйым салынады. Бұдан бөлек, әскери қызметші өзі, жұбайы немесе жақын туыстары шет мемлекеттің азаматтығын қабылдауды жоспарласа, азаматтықтан шығу туралы өтініш берсе, дереу командирді (бастықты) хабардар етуге тиіс. Теріс себептер бойынша, сондай-ақ азаматтығының тоқтатылуына байланысты әскери қызметтен шығарылған кезде оны оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жұмсалған қаражатты мемлекетке өтеуге міндеттеледі.
https://sputnik.kz/20220415/qorganys-ministrligi-zhenis-kuni-askeri-parad-24225152.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1004/41/10044189_156:0:2500:1758_1920x0_80_0_0_a80473df5efe2498aee371dc1d5cdcb5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, әскери қызметкер, заң
қасым-жомарт тоқаев, әскери қызметкер, заң
АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілердің баспана мәселесін шешуге бағытталған заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.
Заң арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, әскери қызмет атқаруды реттеуге бағытталған.
Бірінші. Тұрғын үй төлемдері тәртібін жетілдіру және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілерді, ал олар қаза тапқан жағдайда – олардың отбасы мүшелерін баспанамен қамтамасыз ету.
Атап айтқанда, еңбек сіңірген жылдары 10 және одан да көп жылдан асатын, асырауында мүгедек баласы бар тұлғаларға, сондай-ақ әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен босатылған адам қаза тапқан жағдайда, отбасы мүшелеріне өздері тұратын тұрғын үйді өтеусіз алу құқығы беріледі.
Сондай-ақ баспанаға мұқтаж деп танудан бас тарту жағдайлары нақтыланды.
Екінші. Арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерудің жекелеген мәселелерін реттеу. Атап айтқанда, арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен тыс уақытта есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді медициналық емес мақсатта пайдаланса, қоғамдық орынға мас күйде арнайы формада келсе және ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысқаны анықталса, ол теріс себептермен жұмыстан шығарылады.
Үшінші. Әскери қызмет өткерудің жекелеген мәселелерін тәртіпке келтіру. Мұнда әскери қызметшілердің міндеттері толықтырылды. Олар қызметтік әдепті сақтауға, әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар оларға көпшілік алдында әскери қызмет мүдделеріне зиян келтіретін сөз сөйлеуге тыйым салынады.
Бұдан бөлек, әскери қызметші өзі, жұбайы немесе жақын туыстары шет мемлекеттің азаматтығын қабылдауды жоспарласа, азаматтықтан шығу туралы өтініш берсе, дереу командирді (бастықты) хабардар етуге тиіс. Теріс себептер бойынша, сондай-ақ азаматтығының тоқтатылуына байланысты әскери қызметтен шығарылған кезде оны оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жұмсалған қаражатты мемлекетке өтеуге міндеттеледі.