Оқиға

Рудныйда екі жасар сәби терезеден құлап көз жұмды

© Photo : Рixabay/TatlinАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2022
Жазылу
Бала терезенің москит торына сүйеніп тұрған. Өкінішке қарай, дәрігерлер сәбиді аман алып қала алмады
НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Қостанай облысының Рудный қаласында екі жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті.
Трагедия 13 сәуір кешке Павел Корчагин көшесіндегі бес қабатты үйде болды. Ұл бала алған жарақатынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды "ТВС МАГНЕТИТ".
Құтқарушылардың айтуынша, сәби терезенің москит торына сүйеніп тұрған кезде құлап кеткен. Болған оқиға жайлы мәліметтер сотқа дейінгі тергеу бастау үшін полицейлерге берілді.
Рудный төтенше жағдай басқармасының қызметкерлері ата-аналардан балаларды пәтерде қараусыз қалдырмауды және сақтық шараларын қабылдауды сұрады.
Рука на стекле - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Оқиға
Атырауда егіз бала терезеден құлап түсті – оқиғаның мән-жайы
Жаңалықтар
0