https://sputnik.kz/20220416/resey-roza-baglanova-24250695.html
Ресейде Роза Бағланованың 100 жылдығы тойланды
Ресейде Роза Бағланованың 100 жылдығы тойланды
Sputnik Қазақстан
Іс-шараға қатысушылар Роза Бағланованың репертуарынан танымал әндерді орындады 16.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-16T14:57+0500
2022-04-16T14:57+0500
2022-04-16T15:00+0500
роза бағланова
ресей
https://sputnik.kz/img/218/02/2180294_0:448:1999:1572_1920x0_80_0_0_de0bf6cf1b8188e414ea13aedef22115.jpg
АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Ресейдің Астрахань облысында КСРО Халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдығы тойланды.Володар ауданындағы Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығында қазақтың әншісі, КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті.Мерекелік концерт барысында Құрманғазы атындағы орталықтың шығармашылық ұжымы Роза Бағланованың репертуарынан танымал әндерді орындады, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі.Іс-шараға Қазақстан мен Ресей парламенті жоғары палаталары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссия қатысушылар, жергілікті мемлекеттік органдардың, қазақ диаспорасының өкілдері және Астрахан облысының тұрғындары қатысты.Қонақтар қазақ әншісінің өмірі мен шығармашылығы туралы қызық ақпарат білді, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, ұлттық ойындарды тамашалап, конкурстарға қатысты.Айта кетері, 16 сәуірде Алматыда Роза Бағлановаға арналған ескерткіш ашылды.Ескерткіш Төле би көшесі мен Қалдаяқов көшесінің қиылысында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдында орнатылған.Күміс көмей әншінің өмір жолыХалық Қаһарманы, "Тарлан" сыйлығының иегері, шетелдіктердің өзі қазақтың қызғалдақ гүліне теңеген Роза Бағланова 1922 жылдың 1 қаңтарында Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген.Мектеп бітірген соң 1939 жылы Роза Қызылорда педагогика институтына түседі, бірақ кенеттен әкесі қайтыс болып, туыстарды жағалап, тұрмыстық жағдайға байланысты сол жылы Ташкент тоқыма институтына ауысады. Әншінің бойжеткен шағы ашаршылық пен аласапыран жылдарға дөп келеді. Ташкентте жүргенде ол ерекше дауысымен бірден көзге түседі."Үйдің тіршілігін жасай жүріп, ән салатын әдетім бар еді. Әлі есімде, есіктің алдын сыпырып жүріп әндеткен қыздың дауысын естіп, өзбек филармониясының директоры "Ән айтқан кім?" деп іздеп келді. Менің әншілік өмір жолымды, бағымды ашқан сол Кари Якупов әка еді. Содан Кари әканың көмегімен Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде әнші болдым. Одан соң 1941 жылы Москва консерваториясына жолдама алғанымда соғыс басталып кетті", - дейді Роза Бағланова бір сұхбатында.Роза Бағланова Ұлы Отан соғысы жылдары майданды аралап, өнер көрсетіп, 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан. Бірақ ол барлық концертте Өзбекстан атынан шығып жүреді. Бір күні Өзбекстандағы керемет әнші қазақ қызы туралы Жұбан Молдағалиев естиді. Роза Бағланованың Отанына оралуына тікелей себепші болған да осы кісі. Қазақ ақынының қолдауымен 1949 жылы Роза Бағланова елге оралады.Роза Бағланова 1947-1949 жылдары Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының әншісі, 1949-1960 жылдары Жамбыл атындағы республикалық филармониясының солисі болды. 1960 жылдан бастап "Қазақконцерттің" әнші-солисі, жетекші сахна шебері болып қызмет етті.КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланова 90 жасқа қараған шағында 2011 жылы 8 ақпанда дүние салды.2022 жылы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды. Бұл дата ЮНЕСКО-ның даталар күнтізбесіне енгізілген.Мәдениет және спорт вице-министрлігінің, әншінің мерейтойына арналған жоспар 41 тармақтан тұрады. Қазақстан өңірлерінде 400-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған, оның ішінде республикалық деңгейде 25 іс-шара өткізіледі. Ал халықаралық деңгейде 5 іс-шара өткізу көзделген.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/218/02/2180294_0:260:1999:1759_1920x0_80_0_0_4b3e764a9c29dcfad32d26c734daaf2e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
роза бағланова , ресей
Ресейде Роза Бағланованың 100 жылдығы тойланды
14:57 16.04.2022 (жаңартылды: 15:00 16.04.2022) Іс-шараға қатысушылар Роза Бағланованың репертуарынан танымал әндерді орындады
АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Ресейдің Астрахань облысында КСРО Халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдығы тойланды.
Володар ауданындағы Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығында қазақтың әншісі, КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті.
Мерекелік концерт барысында Құрманғазы атындағы орталықтың шығармашылық ұжымы Роза Бағланованың репертуарынан танымал әндерді орындады, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі.
Іс-шараға Қазақстан мен Ресей парламенті жоғары палаталары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссия қатысушылар, жергілікті мемлекеттік органдардың, қазақ диаспорасының өкілдері және Астрахан облысының тұрғындары қатысты.
Қонақтар қазақ әншісінің өмірі мен шығармашылығы туралы қызық ақпарат білді, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, ұлттық ойындарды тамашалап, конкурстарға қатысты.
Айта кетері, 16 сәуірде Алматыда Роза Бағлановаға арналған ескерткіш ашылды.
Ескерткіш Төле би көшесі мен Қалдаяқов көшесінің қиылысында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдында орнатылған.
Күміс көмей әншінің өмір жолы
Халық Қаһарманы, "Тарлан" сыйлығының иегері, шетелдіктердің өзі қазақтың қызғалдақ гүліне теңеген Роза Бағланова 1922 жылдың 1 қаңтарында Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген.
Мектеп бітірген соң 1939 жылы Роза Қызылорда педагогика институтына түседі, бірақ кенеттен әкесі қайтыс болып, туыстарды жағалап, тұрмыстық жағдайға байланысты сол жылы Ташкент тоқыма институтына ауысады. Әншінің бойжеткен шағы ашаршылық пен аласапыран жылдарға дөп келеді. Ташкентте жүргенде ол ерекше дауысымен бірден көзге түседі.
"Үйдің тіршілігін жасай жүріп, ән салатын әдетім бар еді. Әлі есімде, есіктің алдын сыпырып жүріп әндеткен қыздың дауысын естіп, өзбек филармониясының директоры "Ән айтқан кім?" деп іздеп келді. Менің әншілік өмір жолымды, бағымды ашқан сол Кари Якупов әка еді. Содан Кари әканың көмегімен Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде әнші болдым. Одан соң 1941 жылы Москва консерваториясына жолдама алғанымда соғыс басталып кетті", - дейді Роза Бағланова бір сұхбатында.
Роза Бағланова Ұлы Отан соғысы жылдары майданды аралап, өнер көрсетіп, 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан. Бірақ ол барлық концертте Өзбекстан атынан шығып жүреді. Бір күні Өзбекстандағы керемет әнші қазақ қызы туралы Жұбан Молдағалиев естиді. Роза Бағланованың Отанына оралуына тікелей себепші болған да осы кісі. Қазақ ақынының қолдауымен 1949 жылы Роза Бағланова елге оралады.
Роза Бағланова 1947-1949 жылдары Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының әншісі, 1949-1960 жылдары Жамбыл атындағы республикалық филармониясының солисі болды. 1960 жылдан бастап "Қазақконцерттің" әнші-солисі, жетекші сахна шебері болып қызмет етті.
КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланова 90 жасқа қараған шағында 2011 жылы 8 ақпанда дүние салды.
2022 жылы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды. Бұл дата ЮНЕСКО-ның даталар күнтізбесіне енгізілген.
Мәдениет және спорт вице-министрлігінің, әншінің мерейтойына арналған жоспар 41 тармақтан тұрады. Қазақстан өңірлерінде 400-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған, оның ішінде республикалық деңгейде 25 іс-шара өткізіледі. Ал халықаралық деңгейде 5 іс-шара өткізу көзделген.