Спорт

Қазақстанның теннис құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты

© AFP 2024 / TIZIANA FABIЕлена Рыбакина
Елена Рыбакина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2022
Жазылу
Сайыс барысында Қазақстанның ұлттық құрамасының спортшысы Юлия Путинцева да өз рекордын жаңартты
АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина драмалық матчта Үлкен Шлемнің үш турнирінің чемпионы Анжелик Керберді жеңді. Қос спортшы Билли Джин кубогында Қазақстан мен Германия құрамасы арасындағы сайыс кезінде бақ сынады.
Бірінші ойында неміс тарапы жеңді – 6:4. Қазақстандық спортшы екінші партияда есепті теңестірді – 6:3. Шешуші үшінші партияда Елена 3:5 есебімен жеңіліп тұрып, табандылық танытып, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша бұл жеңіс қазақстандық теннисшілергі Германияны 3:0 есебімен жеңуге әсер етті. Сондай-ақ Қазақстанның теннис тарихында алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының финалына жолдама алды.
Айта кетері, жарыстың алғашқы күнінде Қазақстанның ұлттық құрамасының спортшысы Юлия Путинцева да өз рекордын жаңартты.
Жаңалықтар
0