Мәдениет

Димаш Құдайберген Чехияда көліктің үстінде отырып қолтаңба берді – фото

© Photo : dimashnews.comДимаш Құдайберген Чехияда жанкүйерлерінің ортасында
Димаш Құдайберген Чехияда жанкүйерлерінің ортасында - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2022
Жазылу
Әншінің тыңдармандары оған гүл сыйлап, фото-видеоға түсірді
АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Чехияға барды. Әншіні шетелдегі жанкүйерлері құшақ жая қарсы алды.
Димаш әлеуметтік желіде жанкүйерлерімен болған кездесуден фото жариялады. Ол жерде әнші көліктің үстіне отырып қолтаңба берген. Көлікті айнала тұрған адамдар әншіге гүл сыйлап, фото-видеоға түсіріп жатыр.
Ол фото астына "Сәлем, Чехия! Біз келдік" деп жазған.
© Photo : dimashnews.comДимаш Құдайберген Чехияда жанкүйерлерінің ортасында
Димаш Кудайберген с поклонниками в Чехии - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2022
Димаш Құдайберген Чехияда жанкүйерлерінің ортасында
Желі қолданушылары бұрын-соңды мұндай болмағанын айтып, қуанышын жеткізді.
"Неткен жылы кездесу. Жанкүйерлеріңіз жарады. Концертте сәттілік", "Сен осыған лайықсың, Прагадағы концерт жақсы өтсін" деп жазып жатыр. Тіпті арасында шетелдіктердің қазақ тілінде пікір қалдырғанын байқауға болады.
Айта кетері, наурыздың аяғынан бері Димаш Құдайберген бірнеше елде жеке концертін беріп жүр. Бұған дейін ол Германия, БАӘ-де концерт өткізді.
Жаңалықтар
0