https://sputnik.kz/20220416/aqtau-ayel-mayit-pater-24252573.html
Ақтауда әйелдің мәйіті бір жыл бойы пәтерде жатқан
Ақтауда әйелдің мәйіті бір жыл бойы пәтерде жатқан
Sputnik Қазақстан
Марқұмның Ақтауда туыстары жоқ, оны ешкім іздеп келмеген 16.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-16T16:03+0500
2022-04-16T16:03+0500
2023-08-10T16:53+0500
мәйіт
ақтау
https://sputnik.kz/img/482/55/4825526_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_9fb67dcef11cdebb9bd8f137ffd5e6a4.jpg
АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Ақтауда бір жыл бұрын қайтыс болған әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлады жергілікті inAktau порталы.Төртінші шағын аудандағы пәтерлердің бірінен әйелдің мәйіті табылды. Ол шамамен бір жыл жатқан.Әйелдің көршісі оның көптен бері көрінбей кеткенін байқаған, сондай-ақ пәтерде төленбеген шот көбейген."Жел болған кезде иіс сездім, бірақ жертөледен келіп жатқан иіс деп ойладым. Содан кейін ол Covid-19 кезінде қайтыс болуы мүмкін ғой деген ой келді. Оның Ақтауда туыстары жоқ, себебі ешкім оны іздеп келмеді. Мұндай жағдайды БАҚ-тан оқығанмын. Оның пәтерге келетін төлемдерді соңғы рет былтыр наурызда төлегенін білдім. Полиция пәтер есігін ашты, ал ол төсектің үстінде жатыр. Денесі бір жылда шіріп кеткен. Туыстарын әлеуметтік желі арқылы таптық, бүгін жерленді", - деді үй тұрғыны.Облыстық полиция департаменті мәйіттің табылғаны туралы хабар биыл 15 сәуірде түскенін хабарлады."Зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің мәйіті табылды. Шақыруға жедел-тергеу тобы шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полиция.
https://sputnik.kz/20220409/oskemen-ayel-dene-24092644.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/482/55/4825526_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_744722324602a2ad34f3efa1eb72ec0c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәйіт, ақтау
Ақтауда әйелдің мәйіті бір жыл бойы пәтерде жатқан
16:03 16.04.2022 (жаңартылды: 16:53 10.08.2023) Марқұмның Ақтауда туыстары жоқ, оны ешкім іздеп келмеген
АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Ақтауда бір жыл бұрын қайтыс болған әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлады жергілікті inAktau порталы.
Төртінші шағын аудандағы пәтерлердің бірінен әйелдің мәйіті табылды. Ол шамамен бір жыл жатқан.
Әйелдің көршісі оның көптен бері көрінбей кеткенін байқаған, сондай-ақ пәтерде төленбеген шот көбейген.
"Жел болған кезде иіс сездім, бірақ жертөледен келіп жатқан иіс деп ойладым. Содан кейін ол Covid-19 кезінде қайтыс болуы мүмкін ғой деген ой келді. Оның Ақтауда туыстары жоқ, себебі ешкім оны іздеп келмеді. Мұндай жағдайды БАҚ-тан оқығанмын. Оның пәтерге келетін төлемдерді соңғы рет былтыр наурызда төлегенін білдім. Полиция пәтер есігін ашты, ал ол төсектің үстінде жатыр. Денесі бір жылда шіріп кеткен. Туыстарын әлеуметтік желі арқылы таптық, бүгін жерленді", - деді үй тұрғыны.
Облыстық полиция департаменті мәйіттің табылғаны туралы хабар биыл 15 сәуірде түскенін хабарлады.
"Зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің мәйіті табылды. Шақыруға жедел-тергеу тобы шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полиция.