Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуСотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото
Сотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2022
Жазылу
Күдікті 23 дозаны Әуезов ауданында таратуды жоспарлаған
АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Алматыда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының 27 жастағы тұрғынынан психотроптық зат салынған 23 бума тәркіленді.
"Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар психотроптық "мефедрон" екені анықталды. Патрульдік полиция инспекторлары Түркістан облысының тумасын ұстады. Патрульдік полиция қызметкерлері тыйым салынған препараттар бар-жоғын сұрағанда, ер адам қолында есірткі бар екенін бірден мойындады", - деді Әуезов ауданы полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Оның сөзінше, күдікті 23 дозаны Әуезов ауданында таратуды жоспарлаған.
Тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде есірткі мен ірі көлемде ақша табылды.
Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетері, адамдар тобының алдын ала келісім бойынша аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз иемденгені, сақтағаны және өткізгені үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Жаңалықтар
0