Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жоғалған қызды тапты

© Photo : pixabay.comИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2022
Жазылу
5548 әскери бөлімінің сарбаздары үйдің ауласында жылап отырған қызды көріп қалған
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Жаңаөзенде Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жоғалған қызды туыстарына қайтарып берді.
"14 сәуірде сағат 18.30 шамасында Жедел басқару орталығына ер адамнан қоңырау келіп түсті. Ол жарты сағат бұрын 3 жасар қызы үйден шығып, оралмағанын айтты", - делінген Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұдан кейін орталық операторы Ұлттық ұланның барлық әскери жасағына шұғыл хабарлама таратты.
5548 әскери бөлімінің сарбаздары қатардағы жауынгер Нұрәділ Байгелдиев пен патрульдер Нұркен Өсерхан, Әлішер Елеуов 1-шағын ауданда қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде жылаған баланың даусын естиді. Алаңдағы үйдің ауласында хабарламада айтылған балақайға сырт келбеті ұқсас жылап отырған қызды көреді.
Байланыс құралдары арқылы кезекшіге баяндап, ұландықтар баланы әкесіне қайтарған.
Қызын аман-сау көрген әке тәртіп сақшыларына қырағылығы пен шапшаңдығы үшін үлкен алғыс білдірді.
Жаңалықтар
0