https://sputnik.kz/20220415/toqaev-qazaqstan-qytay-zhana-elshisi-24233583.html
Тоқаев Қазақстанның Қытайдағы жаңа елшісін қабылдады
Тоқаев Қазақстанның Қытайдағы жаңа елшісін қабылдады
Sputnik Қазақстан
Президент биылғы ақпан айында Пекинге жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға баса мән беруді тапсырды 15.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-15T16:08+0500
2022-04-15T16:08+0500
2022-04-15T16:08+0500
экономика
қасым-жомарт тоқаев
қытай
елші
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0f/24233516_0:0:1765:992_1920x0_80_0_0_7e54a5a3b1dff080a552709da2009a87.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ҚХР-дағы жаңадан тағайындалған елшісі Шахрат Нұрышевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Әңгімелесу барысында президент Қытаймен арадағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселесіне назар аударды.Жоғары деңгейдегі келісімдерді, соның ішінде мемлекет басшысының биылғы ақпан айында Пекинге жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру қажет екеніне баса мән берілді.Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзиттік ықпалдастықты, экономиканың маңызды секторларындағы серпінді инвестициялық жобаларды дамытудың, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Халықаралық және өңірлік деңгейдегі, соның ішінде ШЫҰ, АӨСШК алаңдарындағы байланыстарды нығайту мәселелері де жаңадан тағайындалған елшінің жұмысындағы маңызды бағыттардың қатарына қосылды.Биыл 8 сәуірде Шахрат Нұрышев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылып, Қазақстанның Қытайдағы елшісі қызметіне тағайындалды.
https://sputnik.kz/20220406/qazaqstan-qytay-shekarasy-24030999.html
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0f/24233516_0:0:1323:992_1920x0_80_0_0_f9be569dc79ab42b97ebffea0d54932e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қытай, елші
қасым-жомарт тоқаев, қытай, елші
Тоқаев Қазақстанның Қытайдағы жаңа елшісін қабылдады
Президент биылғы ақпан айында Пекинге жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға баса мән беруді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ҚХР-дағы жаңадан тағайындалған елшісі Шахрат Нұрышевты қабылдады, деп хабарлайды
Ақорда. Әңгімелесу барысында президент Қытаймен арадағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселесіне назар аударды.
Жоғары деңгейдегі келісімдерді, соның ішінде мемлекет басшысының биылғы ақпан айында Пекинге жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру қажет екеніне баса мән берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзиттік ықпалдастықты, экономиканың маңызды секторларындағы серпінді инвестициялық жобаларды дамытудың, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Халықаралық және өңірлік деңгейдегі, соның ішінде ШЫҰ, АӨСШК алаңдарындағы байланыстарды нығайту мәселелері де жаңадан тағайындалған елшінің жұмысындағы маңызды бағыттардың қатарына қосылды.
Биыл 8 сәуірде Шахрат Нұрышев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылып, Қазақстанның Қытайдағы елшісі қызметіне тағайындалды.