Қоғам

Қазақстан цифрлық үкімет платформасын өз күшімен жасайды

© Sputnik / Абзал КалиевСбербанк логотипі
Сбербанк логотипі - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2022
Жазылу
Министрлік цифрлық үкіметтің қазақстандық платформасын 2-3 жыл ішінде құруды жоспарлап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ресейлік "Сбер" компаниялар тобымен Қазақстанның цифрлық трансформациясы бойынша келісімге қол қоймайды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин мәлімдеді.
Оның айтуынша, ведомство елдің цифрлық жүйесін қазақстандық мамандардың көмегімен трансформациялауға бел буған.
"Қазір геосаяси жағдайға және өз мүмкіндіктерімізді қайта қарауға байланысты "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен қазақстандық ІТ-компанияларды тарта отырып, платформаны өз күшімізбен жасап шығу туралы шешім қабылданды", - деді вице-министр.
Ол қазір техникалық-экономикалық талдау жүріп жатқанын нақтылады. Содан кейін цифрлық трансформацияның құны белгілі болады.
Цифрлық даму министрлігі цифрлық үкіметтің қазақстандық платформасын екі-үш жыл ішінде жасауды жоспарлап отыр. Осы жылдың соңына дейін жаңа платформаның алғашқы сервистерін әзірлеп, қолдана бастайды.
Клавиатура компьютера - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2021
Қоғам
Қазақстан мен Сбер цифрландыру туралы келісімшартқа қашан қол қояды
Еске салсақ, былтыр қыркүйекте Қазақстан үкіметі ресейлік "Сбер" тобымен цифрлық үкіметтің платформасын құру туралы меморандумға қол қойды. Оған екі елдің президенттері қатысты. Осыдан кейін желіде eGov.kz порталы ресейлік мамандардың қолына өтетіні туралы ақпарат қызу талқыланды. Қазақстандықтар жеке деректерінің Ресейге қолжетімді болатынына алаңдады.
Осы сыннан кейін цифрлық даму министрі Бағдат Мусин "егов порталы тек қана Қазақстанға тиесілі және ешкімге берілмейтінін" мәлімдеді. Ол "Сбер" платформасы Қазақстан үшін ыңғайлы екенін және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің талаптарына сай келетінін түсіндірді.
Жаңалықтар
0