https://sputnik.kz/20220415/qaragandy-zhane-ulytau-oblystary-qalay-bolinedi-24234849.html
Қарағанды және Ұлытау облыстары қалай бөлінеді
Қарағанды және Ұлытау облыстары қалай бөлінеді
Sputnik Қазақстан
Орталық Қазақстандағы қай аудан мен қалалар Қарағанды облысына, ал қайсысы Ұлытау облысына кіретіні белгілі болды. 15.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-15T16:45+0500
2022-04-15T16:45+0500
2022-04-15T16:45+0500
инфографика
қарағанды облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0f/24229366_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_f212102679a2fb8aa882841e0ce5bfd1.png
Орталық Қазақстандағы қай аудан мен қалалар Қарағанды облысына, ал қайсысы Ұлытау облысына кіретіні белгілі болды.Қарағанды облыстық мәслихатының XII кезектен тыс сессиясында өңірдің жаңа әкімшілік-аумақтық бөлінісі талқыланды.Ұлытау облысына Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалаларын, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарын қосу ұсынылды, деп хабарлады облыстың баспасөз қызметі.Қарағанды облысында Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск және Приозерск қалалары, сондай-ақ жеті аудан: Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандары қалады."Облыста Ұлытау облысын құру бойынша әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу алгоритмі әзірленді. Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында 12-13 сәуірде аталған өңірлерді құрылатын Ұлытау облысының құрамына енгізу мәселесі бойынша мәслихаттардың қалалық және аудандық сессиялары өткізілді. Сессия қорытындысы бойынша тиісті бірлескен актілер алынды", – деп баяндады экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.Оның айтуынша, өңірлердің дұрыс бөлінгеніне қатысты ғалымдар пікірі алынды. Ғылыми сараптама Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде жасалды.Қайта құру бойынша тиісті экономикалық есептеулер жүргізілген. Енді Үкіметке Қарағанды облысының шекарасын өзгерту туралы ұсыныстар енгізіледі."Шешім тексерілді. Аймақтың бөлінуі барлық жағынан қарастырылған. Тұрғындардың пікірлері ескерілді", - деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.Айта кетері, 16 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Ұлытау облысы құрылатынын айтты. Оның орталығы Жезқазған қаласы болады.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0f/24229366_151:0:1111:720_1920x0_80_0_0_6b4cdd24e35d116b26279e109472d92a.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, инфографика
қарағанды облысы, инфографика
Орталық Қазақстандағы қай аудан мен қалалар Қарағанды облысына, ал қайсысы Ұлытау облысына кіретіні белгілі болды.
Қарағанды облыстық мәслихатының XII кезектен тыс сессиясында өңірдің жаңа әкімшілік-аумақтық бөлінісі талқыланды.
Ұлытау облысына Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалаларын, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарын қосу ұсынылды, деп хабарлады облыстың баспасөз қызметі.
Қарағанды облысында Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск және Приозерск қалалары, сондай-ақ жеті аудан: Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандары қалады.
"Облыста Ұлытау облысын құру бойынша әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу алгоритмі әзірленді. Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында 12-13 сәуірде аталған өңірлерді құрылатын Ұлытау облысының құрамына енгізу мәселесі бойынша мәслихаттардың қалалық және аудандық сессиялары өткізілді. Сессия қорытындысы бойынша тиісті бірлескен актілер алынды", – деп баяндады экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.
Оның айтуынша, өңірлердің дұрыс бөлінгеніне қатысты ғалымдар пікірі алынды. Ғылыми сараптама Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде жасалды.
Қайта құру бойынша тиісті экономикалық есептеулер жүргізілген. Енді Үкіметке Қарағанды облысының шекарасын өзгерту туралы ұсыныстар енгізіледі.
"Шешім тексерілді. Аймақтың бөлінуі барлық жағынан қарастырылған. Тұрғындардың пікірлері ескерілді", - деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Айта кетері, 16 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Ұлытау облысы құрылатынын айтты. Оның орталығы Жезқазған қаласы болады.