Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтар оқиғасы кезінде көрші елдің азаматы із-түзсіз жоғалды

© AP Photo / Vladimir Tretyakov / NUR.KZАлматыдағы тәртіпсіздіктің салдары
Алматыдағы тәртіпсіздіктің салдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2022
Жазылу
Бір үйдің асыраушысын іздеп, Қарақалпақстаннан туған әпкесі де келіп кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде Өзбекстан азаматы із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Алматы қаласының тұрғыны Нұрлан Өтениязов қаңтардағы дүрбелең кезінде хабар-ошарсыз кеткен ағасын үш айдан астам уақыттан бері іздеп жүр.
44 жастағы Азат Жұманиязов Қарақалпақстаннан (Өзбекстанның құрамындағы автономиялық республика) Қазақстанға жұмыс істеуге келген. Туған жерінде әйелі мен кішкентай қызы қалды. Біреулер оны соңғы рет "Алтын орда" базары маңайынан көрген. Туыстары сол жерде фотосуреттерін іліп, күнде сұрастырып жүреді. Азаттың өзі қарапайым құрылысшы болып жұмыс істеген.
"Жұбайы жылап күнде хабарласады. Кішкентай қызы әкесін сұрайды. Алаңға бармады деп ойлаймын. Себебі 5 қаңтар күні ұялы телефоны "Долан" жақта өшіп қалған. Ал митинг қала ішінде болды. Мүмкін біреу оны күштеп алып кеткен шығар. Өйткені өз еркімен бармайды", – дейді Нұрлан Өтениязов.
Хабарсыз кеткен туысының өлі-тірісін біле алмай дал болған жақындары жақсы жаңалықтан үмітін үзген емес. Бір үйдің асыраушысын іздеп, Қарақалпақстан Республикасынан туған әпкесі де келіп кеткен екен.
"Бауырым 1978 жылы 8 ақпанда туған. Қаңтарда жоғалып кетті деген соң Алматыға арнайы келдім. Бауырымды тауып беруге жәрдем берулеріңізді сұраймын", – деді Шырынгүл.
17 қаңтарда туыстары Алатау аудандық полиция басқармасына жүгінген. Бірақ содан бері әлі нәтиже жоқ.
"Алатау ауданы полиция басқармасының мәліметінше, Азат Жұманиязовты іздестіруүшін арнайы тергеу тобы құрылды. Оның інісі Нұрланның айтуынша, Азат Қордай ауданындағы туысқан ағасына кетіп, сол күйі оралмаған. Қазіргі таңда іздестіру ісі әлі де жалғасып жатыр", – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Салтанат Әзірбек.
Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған жақынын туыстары мәйітханадан да іздеп көріпті. Өйткені арнайы еріктілер тобының да іздеу жұмыстары аяқталған. "Денесін таппадық, демек тірі жүр" деген Азаттың туғандары оны көрген-білгендер болса, ақпарат беруді сұрады.
Жаңалықтар
0