https://sputnik.kz/20220415/nur-sultan-bala-tarauikh-namaz-video-24238439.html
Нұр-Сұлтанда 12 жастағы бала тарауих намазын оқып жүр – видео
Нұр-Сұлтанда 12 жастағы бала тарауих намазын оқып жүр – видео
Sputnik Қазақстан
Түркістан облысының тумасы Мансұрхан Сарварханұлы 9 жасында Құранды толығымен жаттап, "қари" атағына ие болды. 15.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-15T18:38+0500
2022-04-15T18:38+0500
2023-08-09T16:01+0500
видео
қари
намаз
рамазан айы
ораза
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0f/24238196_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_8d6adc450b639dd2d6c20c4128d8d19a.jpg
Былтыр Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқауда "30 пара" бойынша екінші орынды иеленді. Мансұрхан өз тобында ең жас жүлдегер атанған.Биыл 12 жасқа толған қари бала Нұр-Сұлтанға Рамазан айында тарауих намазын өткізуге шақырылды.Sputnik Қазақстан тілшілері Әзірет Сұлтан мешітіне барып, Құранды жатқа білетін баламен танысып қайтты.Әкесі Мансұрханды алты жасында Құран оқуды үйреткен. Кішкентай бала мектепті де, діни білімді де қатар алып жүрген. Ал жазғы демалысын толығымен Құранға арнады.Биыл Мансұрхан Нұр-Сұлтан қаласына шақырылды. Оған бірден Рамазан айында Әзірет Сұлтан мешітінде тарауих намазын өткізуге рұқсат берді."Мен бұған дейін тарауих намазын оқымағанмын. Бірінші рет шығып тұрмын", - деп атап өтті ол.Қари бала тарауих намазынан кейін демалады. Таңғы уақытта сәресін ішеді де, аузын бекітеді."Одан кейін тағы дем аламын да, сөйтіп, 8-9-дарда тұрамын. Содан дайындық басталады", - дейді Мансұрхан.Рамазан айында Құранды толығымен оқып шығу қажет. Ал Мансұрхан өз жолын таңдады. Болашақта имам болғысы келеді.Толығырақ Sputnik-тің видеосынан көріңіз.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0f/24238196_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_e6f5f3d50be5722de3225a78e9e3df41.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қари, намаз, видео, рамазан айы, ораза
қари, намаз, видео, рамазан айы, ораза
Нұр-Сұлтанда 12 жастағы бала тарауих намазын оқып жүр – видео
18:38 15.04.2022 (жаңартылды: 16:01 09.08.2023) Түркістан облысының тумасы Мансұрхан Сарварханұлы 9 жасында Құранды толығымен жаттап, "қари" атағына ие болды.
Былтыр Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқауда "30 пара" бойынша екінші орынды иеленді. Мансұрхан өз тобында ең жас жүлдегер атанған.
Биыл 12 жасқа толған қари бала Нұр-Сұлтанға Рамазан айында тарауих намазын өткізуге шақырылды.
Sputnik Қазақстан тілшілері Әзірет Сұлтан мешітіне барып, Құранды жатқа білетін баламен танысып қайтты.
Әкесі Мансұрханды алты жасында Құран оқуды үйреткен. Кішкентай бала мектепті де, діни білімді де қатар алып жүрген. Ал жазғы демалысын толығымен Құранға арнады.
"Мен мектепке даярлық тобынан кейін жазғы демалысты Құран оқуға арнадым. Ал мектепке барғаннан кейін сабақ пен Құранды қатар оқыдым. Сөйтіп, бірінші сыныпты бітіргенге дейін бір параны жаттап қойдым. Ал жазғы каникулда оған тағы екі пара қостым. Артынан тағы екеуін жаттадым. 9 жасымда Құранды толығымен жаттап алдым", - дейді қари бала.
Биыл Мансұрхан Нұр-Сұлтан қаласына шақырылды. Оған бірден Рамазан айында Әзірет Сұлтан мешітінде тарауих намазын өткізуге рұқсат берді.
"Мен бұған дейін тарауих намазын оқымағанмын. Бірінші рет шығып тұрмын", - деп атап өтті ол.
Қари бала тарауих намазынан кейін демалады. Таңғы уақытта сәресін ішеді де, аузын бекітеді.
"Одан кейін тағы дем аламын да, сөйтіп, 8-9-дарда тұрамын. Содан дайындық басталады", - дейді Мансұрхан.
Рамазан айында Құранды толығымен оқып шығу қажет. Ал Мансұрхан өз жолын таңдады. Болашақта имам болғысы келеді.
Толығырақ Sputnik-тің видеосынан көріңіз.