https://sputnik.kz/20220415/elorda-aldagandar-qylmystyq-is-24219523.html
Елордада екі мың адамды алдағандарға қатысты қылмыстық іс аяқталды
Елордада екі мың адамды алдағандарға қатысты қылмыстық іс аяқталды
Sputnik Қазақстан
Күдіктілер WhatsApp және Telegram арқылы "Астана Раушан касса айналымы" деген атпен чат ашқан 15.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-15T09:13+0500
2022-04-15T09:13+0500
2023-08-09T17:16+0500
қоғам
алаяқтық
елорда
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743898_0:0:2596:1460_1920x0_80_0_0_6f71b833f8ec0fb9ee507c535ab8a622.jpg
АЛМАТЫ, 15 сәуір – Sputnik. Елордада қаржы пирамидасын ұйымдастырып, екі мың азаматты сан соқтырғандарға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Күдіктілер WhatsApp және Telegram арқылы "Астана Раушан касса айналымы" деген атпен чат ашып, ақша алу үшін 2000-ға жуық салымшыны тартқан.Қаржы мониторингі агенттігінің астанадағы департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша Р.Ж. Ахымбекова мен К.Ж. Елеукеноваға қатысты қылмыстық істі аяқтады. Сондай-ақ агенттік азаматтарды аса сақ болып, қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға алданып қалмауға шақырды. Егер қаржы пирамидасына тап болсаңыз, қаржы мониторингі агенттігіне хабарласыңыз. Сенім телефоны: +7 (7172) 708-478. Айта кетері, 11 сәуірде елордада Mudarabah Capital қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салған әйел жұрттың көзінше өзін өртеп жіберді. Ішкі істер министрлігінің ғимаратына әйел және алаяқтардың басқа құрбандары тергеу объективті түрде жүргізілмей отырғанын айтып барған. Mudarabah Capital қаржы пирамидасы 2020 жылы құрылған, оны танымал винерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев жарнамалаған. Кейінірек Саидбаевқа іздеу жарияланды. Кейіннен ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов вайнерлер жарнама жасаған қаржы пирамидасына қатысты тергеу шараларының аяқталуға жақындағынын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743898_649:0:2596:1460_1920x0_80_0_0_a936e5b7c3620d65f1e53e15a429bda1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық, елорда, қаржы пирамидасы
алаяқтық, елорда, қаржы пирамидасы
Елордада екі мың адамды алдағандарға қатысты қылмыстық іс аяқталды
09:13 15.04.2022 (жаңартылды: 17:16 09.08.2023) Күдіктілер WhatsApp және Telegram арқылы "Астана Раушан касса айналымы" деген атпен чат ашқан
АЛМАТЫ, 15 сәуір – Sputnik. Елордада қаржы пирамидасын ұйымдастырып, екі мың азаматты сан соқтырғандарға қатысты қылмыстық іс аяқталды.
Күдіктілер WhatsApp және Telegram арқылы "Астана Раушан касса айналымы" деген атпен чат ашып, ақша алу үшін 2000-ға жуық салымшыны тартқан.
Қаржы мониторингі агенттігінің астанадағы департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша Р.Ж. Ахымбекова мен К.Ж. Елеукеноваға қатысты қылмыстық істі аяқтады.
Сондай-ақ агенттік азаматтарды аса сақ болып, қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға алданып қалмауға шақырды.
Егер қаржы пирамидасына тап болсаңыз, қаржы мониторингі агенттігіне хабарласыңыз. Сенім телефоны: +7 (7172) 708-478.
Айта кетері, 11 сәуірде елордада Mudarabah Capital қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салған әйел жұрттың көзінше өзін өртеп жіберді.
Ішкі істер министрлігінің ғимаратына әйел және алаяқтардың басқа құрбандары тергеу объективті түрде жүргізілмей отырғанын айтып барған. Mudarabah Capital қаржы пирамидасы 2020 жылы құрылған, оны танымал винерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев жарнамалаған.
Кейінірек Саидбаевқа іздеу жарияланды.
Кейіннен ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов вайнерлер жарнама жасаған қаржы пирамидасына қатысты тергеу шараларының аяқталуға жақындағынын мәлімдеді.