Өңірлер

Атырау облысының бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

© Photo : Атырау облысы коммуникациялар қызметіАтырау облысы Қызылқоға ауданыда төтенше жағдай жарияланды
Атырау облысы Қызылқоға ауданыда төтенше жағдай жарияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2022
Жазылу
Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері қауіпті аймақта күшейтілген кезекшілікте тұр
АЛМАТЫ, 15 сәуір — Sputnik. Атырау облысы Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауданда төтенше жағдай Ойыл өзенінің тасуына байланысты жарияланды.
Қорғаныс мақсатында 300 тонна құм және 500-ден астам топырақ толтырылған қап қойылды. Оқиға орнында 3 ауыр техника, 70-ден аса ауыл жастары мен еріктілер жүр.
Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері қауіпті аймақта күшейтілген кезекшілікте тұр. Сондай-ақ Қызылқоға ауданының әкімшілік орталығы Миялы ауылының батыс бөлігінде жер 50 метрге биіктетіліп, қорғаныс бөгеттері күшейтілген.
Ауылдағы үйлерге су жетпеуі үшін Миялы – Қарабау – Индер автожолын демонтаждау туралы шешім қабылданды. Жол қауіп сейілген соң қалпына келтіріледі.
Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауына алынған.
Қызылқоға ауданының әкімшілік орталығы – Миялы ауылы. Ауданды Ойыл және Сағыз өзендері қиып өтеді. Ауданның аумағы – 24,9 мың шаршы шақырым.
Жаңалықтар
0