АҚШ пен НАТО Украинаға әскери көмекті жалғастырып жатыр

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЭмблема НАТО
Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2022
Жазылу
Ресей Украина аумағына жеткізілген батыс қару-жарағын, сондай-ақ АҚШ пен НАТО тасымалдау құралдарын заңды әскери нысана деп санайды. Жеткізулер көлік тораптарында, қоймалар мен арсеналдарда шетінен жойылып жатыр. Америка қару-жарағының жаңа партиясы Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша арнайы операцияға тежеу бола алмайды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
13 сәуірде РФ СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков "серіктестерге" Киев режиміне жеткізуге арналған қару-жарақ тиелген АҚШ пен НАТО тасымалдау құралдарын Украина аумағындағы әскери нысана деп қарастыратынын кезекті рет ескертті. Арнайы операцияны жүргізуді баяулату немесе ресейлік әскер, Донецк пен Луганск халық республикаларындағы Халық милициясы құрылымдарына залал келтіруге бағытталған кез келген әрекеттің жолы қатаң түрде кесіледі.
Ресей Әскери-ғарыш күштері жедел-тактикалық авиациясы бір тәулік ішінде Украинадағы 48 әскери нысанға дөп тиді. Өткен түні дәлдігі жоғары зымыран қаруы Донецк пен Одесса облыстарындағы Украина Қарулы күштерінің екі зымыран-артиллериялық қоймасын есепке алғанда, 12 маңызды нысанның көзін жойды. Сонымен қатар украиндердің МиГ-29 жойғыш ұшағы, Ми-8 тікұшағы, "Байрактар ТБ-2" пилотсыз ұшатын аппарат пен С-300 зениттік зымыран кешені қиратылды.
"12 сәуірде дәлдігі жоғары зымыран соққылары Киев пен Хмельницк облыстарындағы оқ-дәрі қоймаларын қиратты. Ресей Батыс жеткізіп жатқан техникаларды аяусыз қиратып жатыр. Бұған дейін Пентагон өкілі АҚШ пен оның одақтастары Украинаға күн сайын сегіз-тоғыз партиямен қару-жарақ жеткізіп жатқанын мәлімдеді", - деп жазды әскери шолушы.
АҚШ үкіметі 800 миллион долларды қамтитын әскери көмектің соңғы пакеті мен жеткізілетін қару-жарақ тізімін ұлғайтты. Украина Қарулы күштеріне 155 миллиметрлі 18 гаубица, 40 мың артиллериялық снаряд, 300 бір реттік соққы жасаушы Switchblade дроны, 200 дана М113 броньдалған тасымалдаушы, 100 дана Humvee броньдалған жол талғамайтын көлік, 11 дана Ми-17 тікұшағы және тағы басқа әскери техника жеткізіледі. Вашингтон сондай-ақ барлау жүргізуге арналған RQ-20 Puma пилотсыз ұшу аппаратын, лазерлік бағыттауышы бар зымырандар жеткізуге уәде етті.
Америкалықтар жаппай оқ атуға арналған M270 MLRS модернизацияланған реактивті жүйелерін жеткізуді қарастырып жатыр. 150 километр қашықтықтан соққы жасай алатын бұл техника Киев режиміне Ресей аумағындағы аэродромдарды қиратуға мүмкіндік береді. Бұл туралы 12 сәуірде АҚШ қорғаныс министрінің орынбасары Кэтлин Хикс мәлімдеді.
Ұлыбритания Украинаға Harpoon кемеге қарсы зымырандарын, Норвегия NASAMS шағын қашықтыққа арналған зениттік зымыран кешендерін жолдап отыр. Ал Словакия МиГ-29 жойғыш ұшақтарын, Zuzana өздігінен жүретін гаубица жеткізу туралы келіссөз жүргізіп жатыр және бұған дейін С-300 зениттік зымыран кешенін жеткізді. Польшадан Т-72 танкі мен БМП-1 жаяу әскер машинасы бағытталды. Канада әскери-теңіз күштері қатарынан кемеге қарсы зымырандар жеткізу мүмкіндігі талқыланып жатыр. Германия 50 дана Leopard-1 ескі танктерін беруге шешім қабылдады.
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ басшысы Джо Байденге Украинаға барынша ауыр әскери техника қажет екенін жиі еске салып отыр. Сондықтан Пентагон АҚШ-тағы ірі сегіз қорғаныс компаниясының өкілдерімен Украинаны қажетті әскери техникамен жабдықтау мүмкіндіктерін талқылады.
Солтүстікатлантикалық альянстың жекелеген елдері Киев режиміне қару-жарақ жеткізуді тоқтатты. Себебі бұл мемлекеттердің өздерінде әскери техника тапшы болып отыр. Мысалы, 14 сәуірде Грекияның қорғаныс министрі Ников Панайотопулос Украинаға әскери көмек тоқтатылатынын айтты.
Хроленконың пікірінше, Шығыс Еуропаның көлік инфрақұрылымы Ресеймен соғысқа дайын емес. Қажеттілік туындаса, Жешув поляк аэродромындағы НАТО-ның қару-жарақ "хабын" бір зыммыран соққысымен-ақ қирата алады.
Пентагон соңғы 24 сағатта Ресейдің әскери-ғарыш күштерінің ұшақтары 150 рет әуеге көтерілгенін мәлімдеді. Орта есеппен күніне 30 соққы жасалып жатыр. Арнайы операцияның алғашқы күндерінде соққы саны 50-ге жуықтаған. Ал ұшырылған зымыран саны 1 500-ден асып кетті. Ресей негізінен Украина Қарулы күштері орналасқан аумақтарға соққы жасап жатыр.
Батыстағы аналитиктер Украина Бас штабы Украина Қарулы күштері мен Украина Ұлттық гвардиясының Марипуольдегі тобын қоршауға ығыстырып, осы арқылы ауқымды операция жүргізе алмайтынын аңғартты деп жазып жатыр. Ал Fox News телеарнасы Украинаның саяси билігі әскерді Донбастан Полтава – Днепропетровск – Запорожье желісіне қарай алып кету туралы Пентагон ұсынысын қабылдамағанын хабарлады. Америкалық әскери кеңесшілер шығыс майдан шебіндегі Украина әскері жақын уақытта қоршауда қалып, талқандалатыны туралы болжам жасады.
"Ресей президенті Владимир Путин 12 сәуірде Украинадағы арнайы операция кезінде ресейлік сарбаздар Бас штаб бастапқыда ұсынған жоспарға сәйкес үйлесімді әрі бірізді әрекет ететінін мәлімдеді. Сондықтан Америка Киев режиміне жеткізетін қару-жарақ партиясы Украинаны демилитаризациялау мен денацификациялау процесін тоқтата алмайды. Керісінше, мұндай жеткізулер Украина Қарулы күштерінің адам шығынын ұлғайтады", - деп қорытты әскери сарапшы.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
Жаңалықтар
0