"Жасыл даму" басшысы тағайындалды

© Photo : Сайт АО "Жасыл даму"Ержан Сарсенбай
Ержан Сарсенбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2022
Жазылу
Оған дейін бұл қызметті Жанат Самат атқарған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Ержан Сәрсенбай "Жасыл даму" АҚ басқарма төрағалығына тағайындалды, деп хабарлады экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Оған дейін бұл қызметті Жанат Самат атқарған болатын.
Ержан Сәрсенбай жайлы не белгілі:
2001 ж. қараша айынан 2006 ж. шілде айына дейін қаржы министрлігінде жетекші маман лауазымынан басқарма басшысы лауазымына дейін қызмет атқарған.
2006 ж. шілде айынан 2007 ж. сәуір айына дейін премьер-министр кеңсесі әлеуметтік-мәдени даму бөлімі ғылым және инновациялық қызмет секторының меңгерушісі.
2007 ж. мамыр айынан 2010 ж. қараша айына дейін "Қазақстан Даму Банкі" АҚ жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының басшысы.
2011 ж. мамыр айынан 2014 ж. ақпан айына дейін "НК Продкорпорация" АҚ несиелендіру және несиені әкімшілендіру департаментінің директоры.
2015 ж. қаңтар айынан 2017 ж. ақпан айына дейін ұлттық экономика министрлігі экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары.
2017 ж. ақпан айынан 2021 ж. ақпан айына дейін ұлттық экономика министрлігі мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры.
2021 ж. ақпан айынан 2022 ж. ақпан айына дейін "Қазақстандық мемлекеттік – жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ басқарма төрағасы.
2022 ж. сәуір айынан бастап "Жасыл даму" АҚ басқарма төрағасы.
Жаңалықтар
0