Өңірлер

Шымкентте жүк көлігі көпірден құлап, төрт автоны басып қалды

Скрин видео
Скрин видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2022
Жазылу
ГАЗ-53 маркалы жүк көлігі көпір жақтауын бұзып, жанар-жағармай станциясында тұрған көліктердің үстіне құлады
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласының полицейлері көпірден құлаған жүк көлігі бойынша тексеріс шараларын бастады.
ГАЗ-53 төрт жеңіл көліктің үстіне түсті. Алдын ала болжамға сәйкес, ауыр жүк көлігінің тежегіші істемей қалды, деп хабарлайды Otyrar.kz порталы.
Жол апаты бүгін таңғы уақытта ескі автовокзалдың жанында болған. Куәгерлердің айтуынша, "ГАЗ-53" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Рашидова көшесімен келе жатып, көпірге шыққанда кілт оңға бұрылған.
Жүк көлігі тосқауылды бұзып, жанар-жағармай станциясының аумағына құлаған. Дәл сол жерде төрт жеңіл көлік тұрды. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Жол апаты кезінде көліктерде адам болмаған. "ГАЗ-53"-тің жүргізушісі де ауыр жарақат алмады.
Полицияның алдын ала болжамына сәйкес, жүк көлігінің тежегіші істемей қалған.
Жүргізуші жол апатына түспеу үшін көпірдің жақтауына қарай бұрылған. Сөйтіп, көлікті тоқтатпақшы болды. Бірақ жақтау сынып, көлік төменге құлаған.
Қазіргі кезде тексеріс шаралары басталды. Сол кезде жол апатының нақты себебі анықталады.
Жаңалықтар
0