Президенттің баспасөз хатшысы тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Бұған дейін бұл қызметті 2019 жылдан бері Берік Уәли атқарды. Ол 29 наурызда "Хабар агентігі" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Руслан Желдібай туралы не белгілі

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Ұлыбританиядағы Уорик университетін бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы "Қазақстан" телеарнасында редактор болып бастаған. 2012-2018 жылдары "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер болған.
2018-2019 жылдары ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы, басшысы лауазымын атқарған.
2019-2020 жылдары ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.
2020 жылдың мамырында президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2022 жылдың ақпанында премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған.
Жаңалықтар
0