Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі 6 мамырға дейін ұзартылды

© Sputnik / Владислав ВодневКарим Масимов
Карим Масимов - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2022
Жазылу
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі 6 мамырға дейін ұзартылды, деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті Sputnik Қазақстан агенттінің ресми сауалына берілген жауапта.
Сонымен қатар оның орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі де ұзартылды.
"Мәсімов пен Сәдіқұловты қамауда ұстау мерзімі 6 мамырға дейін, Ерғожиннің қауамда ұстау мерзімі 8 мамырға дейін ұзартылды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар ҰҚҚ төрғасының бұрынғы орынбасары Марат Осиповтың қамауға алу мерзімін ұзарту туралы материалдар прокуратураға жіберілді.
Күдіктілер тергеу изоляторында отыр.
Кәрім Мәсімовке пен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық іс бес бап бойынша тергеліп жатыр:
175-баптың 1-бөлігі - "Мемлекетке опасыздық жасау" (15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, оған қоса, Қазақстан азаматтығынан айыруы мүмкін);
179-баптың 3-бөлігі - "Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттер" (17 жылға дейін бас бостандығынан айыру, оған қоса, Қазақстан азаматтығынан айыру жазасы бар);
218-баптың 3-бөлігі - "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер" (7 жылға дейін бас бостандығынан айыру);
362-баптың 4-бөлігі - "Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану" (10 жылға дейін бас бостандығынан айыру);
366-баптың 4-бөлігі - "Пара алу" (12 жылға дейін бас бостандығынан айыру); Қылмыстық іс "өте құпия" деген белгімен тергеліп жатыр.

Мәсімов қалай ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 6 қаңтарда қызметінен босатылды. 8 қаңтарда оның ұсталғаны белгілі болды. Сондай-ақ оның екі орынбасары – Әнуар Садықұлов ("А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы) мен Дәулет Ерғожин ұсталды.
Артынан Мәсімовтың тағы бір орынбасары Марат Өсіпов қамауға алынды. Ал Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қызметінен босатылды.
Басында Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеу басталған. Күдіктілерге мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттерден басқа, "билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" бабы бойынша айып тағылып отыр. Сосын пара алу фактілері бойынша тергеу шаралары қолға алынды.
Мәсімов премьер-министр лауазымында болғанда бизнес-құрылымның бірінен астанада құны 2,5 миллиард теңге тұратын элиталық тұрғын үй мен жер телімін алды деген күдікке ілінді. Оның коттеджінен бума-бума доллар мен қымбат көліктер тәркіленді.
Жаңалықтар
0