https://sputnik.kz/20220414/esik-tort-zhasap-qyzdy-zorlau-24205857.html
Есікте төрт жасар қызды зорлап кетті – күдікті қамауға алынды
Есікте төрт жасар қызды зорлап кетті – күдікті қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Облыстық полиция департаменті кішкентай баланы зорлау фактісін растады 14.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-14T16:14+0500
2022-04-14T16:14+0500
2022-04-14T16:22+0500
педофил
есік қаласы
https://sputnik.kz/img/18/44/184468_0:269:5184:3185_1920x0_80_0_0_246e2c22e72ed8fc402652f3f6a61c32.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Алматы облысында педофил мас күйінде төрт жасар қызды зорлап кетті. Осы оқиға туралы бірінші болып құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде жазған. Облыстық полиция департаменті кішкентай баланы зорлау фактісін растады. 13 сәуірде Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімі тергеу шараларын бастады. 43 жастағы күдікті қамауға алынды. Ол – Қызылорда облысының тұрғыны. Ер адам балаға туыс болып келетін адамның танысы болып шықты. Сол үйде бірнеше күн бойы жатқан. "Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті мас күйде болған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 12-бабы, 4-бөлігі (Зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары атқарылып жатыр. Бала дәрігерлердің бақылауына алынды", - дейді полицейлер. Облыстық полиция депаратментінің басшылығы қылмыстық істі жеке бақылауда ұстап отыр. Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері аймақта кәмелет жасқа толмаған балаларды зорлаудың 10 фактісі анықталды.
есік қаласы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/18/44/184468_262:0:4870:3456_1920x0_80_0_0_9a0e80ead568b7fa3c1208ab3ef4ec58.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
педофил, есік қаласы
Есікте төрт жасар қызды зорлап кетті – күдікті қамауға алынды
16:14 14.04.2022 (жаңартылды: 16:22 14.04.2022) Облыстық полиция департаменті кішкентай баланы зорлау фактісін растады
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Алматы облысында педофил мас күйінде төрт жасар қызды зорлап кетті.
Осы оқиға туралы бірінші болып құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде жазған.
"Есік қаласында төрт жасар (нақты жасы 3 жыл 11 ай - Sputnik) қызды зорлап кетті. Оны анасының ағалары жасады деген болжам бар. Әйелдің өзі дүкенге шығып кеткен. Балаға шұғыл ота жасалды. Тергеу шаралары басталды. Отбасыдағы зорлық-зомбылыққа тыйым салатын заңдардың болмауы қоғамның азып-тозуына әкеліп соқтырады", - деп жазды Таңсәрі.
Облыстық полиция департаменті кішкентай баланы зорлау фактісін растады.
13 сәуірде Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімі тергеу шараларын бастады. 43 жастағы күдікті қамауға алынды. Ол – Қызылорда облысының тұрғыны.
Ер адам балаға туыс болып келетін адамның танысы болып шықты. Сол үйде бірнеше күн бойы жатқан.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті мас күйде болған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 12-бабы, 4-бөлігі (Зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары атқарылып жатыр. Бала дәрігерлердің бақылауына алынды", - дейді полицейлер.
Облыстық полиция депаратментінің басшылығы қылмыстық істі жеке бақылауда ұстап отыр.
Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері аймақта кәмелет жасқа толмаған балаларды зорлаудың 10 фактісі анықталды.