Балабақша мен тәрбиешілерге талап күшейтіледі

© Photo : Esi GrünhagenБалабақша
Балабақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2022
Жазылу
Енді балабақшаға да, тәрбиешіге де қойылатын талаптар қатаңдатылады
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі Нұр-Сұлтандағы балабақшаның бірінде аутизмге шалдыққан балаларды ұрып-соққаннан кейін балабақшалар мен тәрбиешілерге қойылатын талаптарды қатаңдатуды жоспарлап отыр.
Вице-министр Шолпан Каринованың айтуынша, қазір балабақшада тексеру жалғасып жатыр. Тексеру аяқталғаннан кейін сәйкес шара қабылданады.
"Министрлік бұл өте күрделі жағдай екенін мойындап отыр. Мұндай жағдай қайталанбауы керек. Сондықтан қазір біз балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейту шараларын қарастырып жатырмыз. Сонымен қатар балабақшамен бірге тәрбиешілерге қойылатын талаптар да қатаңдатылады. Балабақшаларды тексеру тәртібін өзгертуді жоспарлап отырмыз. Балабақшаларға лицензия беруді қайтару қажет болатын сыңайлы", - деді Каринова сенат отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.
Вице-министр қазір талаптарды күшейту нормалары білім беру мекемелері және педагогтармен талқыланып жатқанын айтты.
Еске сала кетейік, 7 сәуірде желіде даму ерекшелігі бар балабақша тәрбиеленушілеріне қызметкерлер күш көрсеткен видео пайда болды. Инклюзивті балабақша құны бір бала үшін айына 130 мың теңгені құрайды, ал қосымша сабақ үшін ата-аналар 200 мың теңге төлейді. Баласына қалай қарайтынын білген соң, ата-аналар балаларын алып кетіп, полицияға шағымданды.
Ребенок с мамой - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2022
Өңірлер
Павлодарда баланы салқын бөлмеде қалдырған күтуші жұмыстан шығарылды
Жаңалықтар
0