https://sputnik.kz/20220414/almaty-qabat-turgyn-uy-24203855.html
Алматының Бостандық ауданында 9 қабаттан биік тұрғын үй салуға шектеу қойылуы мүмкін
Алматының Бостандық ауданында 9 қабаттан биік тұрғын үй салуға шектеу қойылуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Бұрын рұқсат беру кезінде құрылыс салушылардан бұл қатаң талап етілмеген 14.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-14T15:10+0500
2022-04-14T15:10+0500
2022-04-14T15:10+0500
өңірлер
алматы
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18857884_0:0:3073:1730_1920x0_80_0_0_4d54f27a859662cc067dd3d8db80b98a.jpg
АЛМАТЫ, 14 сәуір — Sputnik. Алматы қаласының жаңа әкімі Ерболат Досаевтың халықпен алғашқы кездесуі Бостандық ауданында өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Досаевтың айтуынша, мамырда қалалық мәслихатқа Бостандық ауданы аумағына 9 қабаттан биік тұрғын үй салуды шектейтін құжат ұсынылады. Қазір Бостандық ауданында, оның ішінде "Мега центр", "АДК" сауда орталықтарының, бұрынғы жеміс консервілеу комбинатының жанында, сондай-ақ Сәтбаев – Байтұрсынов – Бұқар жырау көшелері – Есентай өзені бөлігінде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Әкімнің айтуынша, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін міндетті түрде салу талаптарын ескеріп, құрылыс салу тәсілдері қайта қаралды. Бұрын рұқсат беру кезінде құрылыс салушылардан бұл қатаң талап етілмеген, дейді әкім.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18857884_865:392:3073:2048_1920x0_80_0_0_840ff0937b14af2bce6321544913f169.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тұрғын үй
Алматының Бостандық ауданында 9 қабаттан биік тұрғын үй салуға шектеу қойылуы мүмкін
Бұрын рұқсат беру кезінде құрылыс салушылардан бұл қатаң талап етілмеген
АЛМАТЫ, 14 сәуір — Sputnik. Алматы қаласының жаңа әкімі Ерболат Досаевтың халықпен алғашқы кездесуі Бостандық ауданында өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Досаевтың айтуынша, мамырда қалалық мәслихатқа Бостандық ауданы аумағына 9 қабаттан биік тұрғын үй салуды шектейтін құжат ұсынылады.
Қазір Бостандық ауданында, оның ішінде "Мега центр", "АДК" сауда орталықтарының, бұрынғы жеміс консервілеу комбинатының жанында, сондай-ақ Сәтбаев – Байтұрсынов – Бұқар жырау көшелері – Есентай өзені бөлігінде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
"Құрылыс мәселелерін жүйелі түрде шешу үшін биыл мамырда Абай даңғылының оңтүстігінде Шығыс айналма жолынан Яссауи көшесіне дейін 9 қабаттан биік ғимарат салуды шектейтін жаңа регламент қала мәслихатының бекітуіне ұсынылады, яғни бұл периметрге барлық Бостандық ауданы кіреді", - деді Ерболат Досаев.
Әкімнің айтуынша, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін міндетті түрде салу талаптарын ескеріп, құрылыс салу тәсілдері қайта қаралды.
Бұрын рұқсат беру кезінде құрылыс салушылардан бұл қатаң талап етілмеген, дейді әкім.