Алматының қоғамдық көлік паркі газбен жүретін 105 автобуспен толықты

© Photo : Пресс-служба акимата Алматы105 новых автобусов на газе появились в Алматы
105 новых автобусов на газе появились в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2022
Жазылу
14 көлік қазірдің өзінде жолаушылар тасымалымен айналысуға кірісіп кетті
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Алматының қоғамдық көлік паркі газбен жүретін 105 жаңа экологиялық таза және жайлы Golden Dragon автобусымен толықты. Жақын уақытта тағы 45 автомобиль жеткізіледі.
Осы жылы Алматыда экологиялық таза көлік үлесін 50%-ке дейін жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
"90 адамға арналған Еуро-5 экологиялық топтағы едені төмен, үш есікті автобустар кондиционермен, бейнебақылау камераларымен, аялдамаларды жариялауға арналған автоматты дыбыстық хабарландырумен, жүргізушінің шаршағанын тіркейтін датчикпен, бейнетіркегішпен, ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған пандуспен және басқа да опциялармен жабдықталған", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Техникалық жабдықтаудан кейін бүгін 44 бағыт бойынша 14 жаңа автобус жолға шықты.
Қалған автобустар техникалық дайындығына қарай жақын күндері жүктемесі көп бағыттарды жаңарту және күшейту үшін іске қосылады.
Жалпы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін қоғамдық көлік паркіне 300 жаңа автобус беріледі. Бір жыл ішінде жеке тасымалдаушы газбен жүретін қосымша 250 автобус сатып алады.
Жаңалықтар
0