Қоғам

Биыл Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді

© Sputnik / Болат Шайхиновәскери парад
әскери парад - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2022
Жазылу
Әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған
АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Елімізде биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.
"2022 жылы Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ. Әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Қорғаныс министрлігі Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі шаралар өткізеді.
Жалпы алғанда барлық өңірден 50-ге жуық шара жоспарланған.
Айта кетері, осыдан жетпіс жеті жыл бұрын Берлинде Германияның қарсылықсыз тізе бүгуі туралы актіге қол қойылды.
Ұлы Жеңіс күні мерекесінің тарихы осылай басталған.
Жыл сайын бұл күні адамзат тарихындағы осы сұрапыл соғыстан қаза болғандардың рухына тағзым етіліп, аман-есен жеңіске жеткендерге құрмет көрсетіледі.
Жаңалықтар
0