"Жасыл Даму" басшысы қызметінен кетті

© Photo : пресс-служба Минэкологии КазахстанаЖанат Самат
Жанат Самат  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2022
Жазылу
Экология министрлігі бұл ақпаратты растады
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Утилизацилық алым операторы "Жасыл Даму" АҚ басшысы Жанат Самат қызметінен кетті. Экология министрлігі бұл ақпаратты растады.
Министрлік мәліметінше, Жанат Самат басқа қызметке ауысуына байланысты орнын босатты. Ол бұл қызметке биыл 1 ақпанда тағайындалған болатын.
Айта кетері, 19 қаңтарда "Оператор РОП" ЖШС қызметі тоқтатылып, активтері мемлекетке берілді. Утилизациялық алым бойынша жаңа оператор - "Жасыл Даму" АҚ.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев утилизациялық алымды қысқартуға тапсырма берді. Үкіметтің шешімімен Қазақстанда утилизациялық алым екі есеге қысқартылды.
Алайда жаңа тарифтер әлі бекітілген жоқ. Бұған дейін әділет министрі Қанат Мусин утилизациялық алымға қатысты құжаттың тіркеуге әлі түспегенін айтты.
Жаңалықтар
0