https://sputnik.kz/20220413/shanagy-koterilip-ketken-zhuk-koligi-qapshagay-tas-zholyndagy-kopirge-sogyldy-24188862.html
Шанағы көтеріліп кеткен жүк көлігі Қапшағай тас жолындағы көпірге соғылды
Шанағы көтеріліп кеткен жүк көлігі Қапшағай тас жолындағы көпірге соғылды
Sputnik Қазақстан
ТАЛДЫҚОРҒАН, 13 сәуір – Sputnik. Алматы-Өскемен тас жолында Hovo жүк көлігі Қапшағайға жақын маңдағы жол көпіріне шанағымен соғылды. 48 жастағы жүргізуші... 13.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-13T20:01+0500
2022-04-13T20:01+0500
2022-04-13T20:01+0500
жүк көлігі
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0d/24186823_0:81:864:567_1920x0_80_0_0_55b561198a64cd0a46c67a8a95d97a3a.jpg
ТАЛДЫҚОРҒАН, 13 сәуір – Sputnik. Алматы-Өскемен тас жолында Hovo жүк көлігі Қапшағайға жақын маңдағы жол көпіріне шанағымен соғылды. 48 жастағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді.Әлеуметтік желіде жол апаты болған жерде түсірілген суреттер жарияланды. Кадрлардан ауыр жүк көлігінің шанағы көпірге тиіп, "артқы аяқтап" тұрып қалғанын көруге болады.Жол апатына облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство Алматы-Өскемен тас жолының 62-ші шақырымында жол апаты болып, салдарынан 48 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккенін хабарлады."Жүргізуші көлік жүріп келе жатқанда оның шанағы кездейсоқ көтеріліп кеткенін айтты. Машина жол көпірінің төменгі бөлігіне соғылып, жарнамалық билбордты зақымдады. Салдарынан жүк көлігі "артқы аяғымен" тұрып қалды. Көпір тірегі зақымданбаған. Жүргізушінің өзі жеңіл жарақат алды, қазір медициналық тексерістен өтіп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Жол апаты фактісі бойынша Қазақстан әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабында қарастырылған әкімшілік хаттама толтырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0d/24186823_0:0:864:648_1920x0_80_0_0_d6c2c92ecc64e516f5cc3008bd207ee9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүк көлігі
ТАЛДЫҚОРҒАН, 13 сәуір – Sputnik. Алматы-Өскемен тас жолында Hovo жүк көлігі Қапшағайға жақын маңдағы жол көпіріне шанағымен соғылды. 48 жастағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді.
Әлеуметтік желіде жол апаты болған жерде түсірілген суреттер жарияланды. Кадрлардан ауыр жүк көлігінің шанағы көпірге тиіп, "артқы аяқтап" тұрып қалғанын көруге болады.
Жол апатына облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство Алматы-Өскемен тас жолының 62-ші шақырымында жол апаты болып, салдарынан 48 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккенін хабарлады.
"Жүргізуші көлік жүріп келе жатқанда оның шанағы кездейсоқ көтеріліп кеткенін айтты. Машина жол көпірінің төменгі бөлігіне соғылып, жарнамалық билбордты зақымдады. Салдарынан жүк көлігі "артқы аяғымен" тұрып қалды. Көпір тірегі зақымданбаған. Жүргізушінің өзі жеңіл жарақат алды, қазір медициналық тексерістен өтіп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты фактісі бойынша Қазақстан әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабында қарастырылған әкімшілік хаттама толтырылды.