https://sputnik.kz/20220413/resey-qazaqstan-garysh-kuni-24182064.html
Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Ғарыш күніне орай қабылдау өткізді
Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Ғарыш күніне орай қабылдау өткізді
Sputnik Қазақстан
Ғарышкерлер Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов іс-шараның басты қонақтары болды 13.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-13T15:24+0500
2022-04-13T15:24+0500
2023-08-10T12:28+0500
ғарышкер
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0d/24180051_0:695:2048:1847_1920x0_80_0_0_db62c0ee54d7545f63fac4028e17adc6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі Ғарыш күніне орай салтанатты қабылдау өткізді.Қабылдау "Роскосмос" мемлекеттік компаниясының Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырылды.Іс-шараға Қазақстанның сыртқы істер министрлігі, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, "Бәйтерек" бірлескен кәсіпорны, "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясы", Республикалық ғарыш байланысы орталығы басшылығының өкілдері қатысты.Қабылдауға сондай-ақ ТМД, ШЫҰ, БРИКС-ке мүше мемлекеттердің, сондай-ақ кеңестік және ресейлік ғарыш кемелерімен өз азаматтарын орбитаға аттандырған бірқатар мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, Ресейдің Қазақстандағы өкілдіктерінің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.Ғарышкерлер Талғат Мұсабаев (Қазақстанның Халық Қаһарманы және Ресей Федерациясының Батыры) мен Айдын Айымбетов (Қазақстанның Халық Қаһарманы) іс-шараның басты қонағы болды.Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин өз сөзінде жиналғандарды адамның тұңғыш рет ғарышқа ұшқанына 61 жыл толуымен құттықтап, бұл оқиғаның тарихи маңызына тоқталды. Ол Ресей мен Қазақстанның ғарыш кеңістігін игеру саласындағы жемісті ынтымақтастығын атап өтіп, аэроғарыш саласы қызметкерлеріне табыс пен жетістік тіледі.Талғат Мұсабаев жиналғандарды Ғарыш күнімен құттықтап, ғарышта, оның ішінде ғарыш кемесі мен халықаралық экипаж командирі ретінде жеке тәжірибесімен бөлісті. Ол Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласындағы ынтымақтастығы табысты жалғаса беретініне сенім білдірді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0d/24180051_0:503:2048:2039_1920x0_80_0_0_7a12fc07957f1f3704d12d1a5c9c7f13.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ғарышкер
Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Ғарыш күніне орай қабылдау өткізді
15:24 13.04.2022 (жаңартылды: 12:28 10.08.2023) Ғарышкерлер Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов іс-шараның басты қонақтары болды
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі Ғарыш күніне орай салтанатты қабылдау өткізді.
Қабылдау "Роскосмос" мемлекеттік компаниясының Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қазақстанның сыртқы істер министрлігі, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, "Бәйтерек" бірлескен кәсіпорны, "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясы", Республикалық ғарыш байланысы орталығы басшылығының өкілдері қатысты.
Қабылдауға сондай-ақ ТМД, ШЫҰ, БРИКС-ке мүше мемлекеттердің, сондай-ақ кеңестік және ресейлік ғарыш кемелерімен өз азаматтарын орбитаға аттандырған бірқатар мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, Ресейдің Қазақстандағы өкілдіктерінің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Ғарышкерлер Талғат Мұсабаев (Қазақстанның Халық Қаһарманы және Ресей Федерациясының Батыры) мен Айдын Айымбетов (Қазақстанның Халық Қаһарманы) іс-шараның басты қонағы болды.
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин өз сөзінде жиналғандарды адамның тұңғыш рет ғарышқа ұшқанына 61 жыл толуымен құттықтап, бұл оқиғаның тарихи маңызына тоқталды. Ол Ресей мен Қазақстанның ғарыш кеңістігін игеру саласындағы жемісті ынтымақтастығын атап өтіп, аэроғарыш саласы қызметкерлеріне табыс пен жетістік тіледі.
Талғат Мұсабаев жиналғандарды Ғарыш күнімен құттықтап, ғарышта, оның ішінде ғарыш кемесі мен халықаралық экипаж командирі ретінде жеке тәжірибесімен бөлісті. Ол Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласындағы ынтымақтастығы табысты жалғаса беретініне сенім білдірді.