https://sputnik.kz/20220413/qazaqstan-khalqyna-qory-komek-24183713.html
"Қазақстан халқына" қоры көмек беру туралы шешімді қалай қабылдайды
"Қазақстан халқына" қоры көмек беру туралы шешімді қалай қабылдайды
Sputnik Қазақстан
Үш айдың ішінде "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 126,05 миллиард теңге түскен 13.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-13T16:16+0500
2022-04-13T16:16+0500
2022-05-23T14:19+0500
қайырымдылық
көмек
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/1281/12/12811218_90:0:3354:1836_1920x0_80_0_0_77b28d6e8451d3ecc8f7359776f60c4b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев қайырымдылық қаржысын беру туралы шешім қалай қабылданатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, қордың ұйымдастыру жүйесі әлі толығымен жолға қойылмаған. Биыл осы жұмысты аяқтау жоспарланып отыр. Сонда барлық шешім жылдам қабылданады."Мысалы, бионикалық протез бар. Оны алу үшін ортопедиялық зауыттармен келісімшартқа отыруымыз қажет. Оған дейін бағдарламаны дайындап, қамқоршылық кеңесінің қарауына шығару керек. Иә, бастапқыда бір-екі балаға бионикалық протез жеткізуге көп уақыт кетсе, одан кейінгі балаларға көмек автоматты түрде жасалады. Себебі ондай құрал-жабдықтарды жеткізу жұмысы жолға қойылады", - деп атап өтті Жәмішев.Айта кетері, үш айдың ішінде "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 126,05 миллиард теңге түскен. Осы уақытқа дейін қаңтар оқиғасы кезінде қазас болған ішкі істер және қорғаныс қызметкерлерінің отбасына, сондай-ақ ауыр жарақат алғандарға өтемақы төленді. Кездейсоқ қайтыс болғандардың туыстарына да өтемақы беріле бастады. Бұдан бөлек, орфандық ауруларға шалдыққан балаларға қымбат дәрі-дәрмек сатып алынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1281/12/12811218_498:0:2946:1836_1920x0_80_0_0_383a2b63eee2b14fea17a76b7431065d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қайырымдылық, көмек
"Қазақстан халқына" қоры көмек беру туралы шешімді қалай қабылдайды
16:16 13.04.2022 (жаңартылды: 14:19 23.05.2022) Үш айдың ішінде "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 126,05 миллиард теңге түскен
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев қайырымдылық қаржысын беру туралы шешім қалай қабылданатынын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біздің қорымызға өтініш көп түседі. Соның бәрін қараймыз. Бірақ кейде шешімді жылдам қабылдау керек. Мысалы, Кореяға жіберілген балаға көмек беруге қатысты шешімді бір-екі күнде қабылдадық. Өйткені баланың жағдайы өте ауыр болды. Сосын Ресейге кішкентай қызды операцияға жібердік. Оған қатысты шешім де бір-екі күнде қабылданды", - деді Жәмішев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, қордың ұйымдастыру жүйесі әлі толығымен жолға қойылмаған. Биыл осы жұмысты аяқтау жоспарланып отыр. Сонда барлық шешім жылдам қабылданады.
"Мысалы, бионикалық протез бар. Оны алу үшін ортопедиялық зауыттармен келісімшартқа отыруымыз қажет. Оған дейін бағдарламаны дайындап, қамқоршылық кеңесінің қарауына шығару керек. Иә, бастапқыда бір-екі балаға бионикалық протез жеткізуге көп уақыт кетсе, одан кейінгі балаларға көмек автоматты түрде жасалады. Себебі ондай құрал-жабдықтарды жеткізу жұмысы жолға қойылады", - деп атап өтті Жәмішев.
Айта кетері, үш айдың ішінде "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 126,05 миллиард теңге түскен. Осы уақытқа дейін қаңтар оқиғасы кезінде қазас болған ішкі істер және қорғаныс қызметкерлерінің отбасына, сондай-ақ ауыр жарақат алғандарға өтемақы төленді. Кездейсоқ қайтыс болғандардың туыстарына да өтемақы беріле бастады. Бұдан бөлек, орфандық ауруларға шалдыққан балаларға қымбат дәрі-дәрмек сатып алынды.