https://sputnik.kz/20220413/qazaqstan-balalar-pasporty-24175068.html
Елде балалар паспортын алу құны төмендейді
Елде балалар паспортын алу құны төмендейді
Sputnik Қазақстан
Депутаттар кәмелетке толмаған балаларға берілетін паспорттар үшін мемлекеттік баж салығын 8 АЕК-тен (24 504 теңге) 4 АЕК-ке (12 252 теңге) дейін төмендетуді... 13.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-13T12:28+0500
2022-04-13T12:28+0500
2022-04-13T14:20+0500
қоғам
паспорт
балалар
https://sputnik.kz/img/343/09/3430902_0:73:2016:1207_1920x0_80_0_0_1a0f5e6e2177ca514b30fb9eff64c382.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Он екі жасқа дейінгі балаларға паспорт әр бес жыл сайын беріліп отырады. Сонымен қатар, балалар төлқұжатын рәсімдеу үшін төленетін баж салығы екі есе төмендейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Парламент мәжілісі халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Депутат Ғазиз Зейнел-Ғабиденұлы Құлахметов 2020 жылдан бастап 16 жасқа дейінгі балалардың фотосуретін ата-анасының паспортына жазуға және жапсыруға тыйым салынғанын еске салды. Осыған байланысты шетелге шыққан кезде балаларға жеке паспорт қажет. Паспорт ауыстыру отбасыға қосымша қаржылық салмақ түсіретінін ескеріп, депутаттар кәмелетке толмаған балаларға берілетін паспорттар үшін мемлекеттік баж салығын 8 АЕК-тен (24 504 теңге) 4 АЕК-ке (12 252 теңге) дейін төмендетуді ұсынды. Сондай-ақ заң жобасына сәйкес, пана іздеген адамдар мен босқындар Қазақстан аумағындағы мекенжайын ауыстырған жағдайда, тіркеуден шығып, жаңа тұрғылықты жеріне қоныстанған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органда қайта тіркеуге тұруға тиіс. Пана іздеген адамдарды Қазақстан аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркеудің тиісті тәртібін бекіту жөніндегі құзыретті ішкі істер министрлігіне беру қажет деп ұйғарылып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/343/09/3430902_156:0:1861:1279_1920x0_80_0_0_96ff278740185021306c92036b3154b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
паспорт, балалар
Елде балалар паспортын алу құны төмендейді
12:28 13.04.2022 (жаңартылды: 14:20 13.04.2022) Депутаттар кәмелетке толмаған балаларға берілетін паспорттар үшін мемлекеттік баж салығын 8 АЕК-тен (24 504 теңге) 4 АЕК-ке (12 252 теңге) дейін төмендетуді ұсынды
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Он екі жасқа дейінгі балаларға паспорт әр бес жыл сайын беріліп отырады. Сонымен қатар, балалар төлқұжатын рәсімдеу үшін төленетін баж салығы екі есе төмендейді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Парламент мәжілісі халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Депутат Ғазиз Зейнел-Ғабиденұлы Құлахметов 2020 жылдан бастап 16 жасқа дейінгі балалардың фотосуретін ата-анасының паспортына жазуға және жапсыруға тыйым салынғанын еске салды.
Осыған байланысты шетелге шыққан кезде балаларға жеке паспорт қажет.
"Физиологиялық процесті ескеріп, 12 жасқа толғанша баланың төлқұжатын әрбір 5 жыл сайын ауыстыруды көздеп отырмыз, ал 12 мен 16 жасқа дейінгі балалардың паспортының жарамдылық мерзімі өзгеріссіз, яғни 10 жыл болып қала бермек", - деді мәжілісмен.
Паспорт ауыстыру отбасыға қосымша қаржылық салмақ түсіретінін ескеріп, депутаттар кәмелетке толмаған балаларға берілетін паспорттар үшін мемлекеттік баж салығын 8 АЕК-тен (24 504 теңге) 4 АЕК-ке (12 252 теңге) дейін төмендетуді ұсынды.
Сондай-ақ заң жобасына сәйкес, пана іздеген адамдар мен босқындар Қазақстан аумағындағы мекенжайын ауыстырған жағдайда, тіркеуден шығып, жаңа тұрғылықты жеріне қоныстанған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органда қайта тіркеуге тұруға тиіс.
Пана іздеген адамдарды Қазақстан аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркеудің тиісті тәртібін бекіту жөніндегі құзыретті ішкі істер министрлігіне беру қажет деп ұйғарылып отыр.