https://sputnik.kz/20220413/qarzhy-piramidasy-vaynerler-24170255.html
Қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнерлерге қатысты тергеу аяқталуға жақын - ІІМ
Қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнерлерге қатысты тергеу аяқталуға жақын - ІІМ
Sputnik Қазақстан
Жақын арада барлық материал процеске қатысушыларға таныстырылады, содан кейін сотқа жіберіледі 13.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-13T10:55+0500
2022-04-13T10:55+0500
2023-08-10T16:58+0500
қаржы пирамидасы
тергеу
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743992_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d5e89b8e833aaecc717ba098cebb012e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов вайнерлер жарнама жасаған қаржы пирамидасына қатысты тергеу шараларының аяқталуға жақындағынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұған дейін белгілі актер әрі вайнер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және блогер Азимжан Саидбаев қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді. Төребаев пен Шерниязов 1000 АЕК (3 063 000 теңге) көлемінде кепіл төлеп, соттың соңғы шешіміне дейін бостылды. Ал Саидбаевты қамауға алуға шешім шығарылды. Бірақ ол шетелге қашып кетті. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Айта кетері, 2021 жылы вайнерлер Mudarabah Capital компаниясын жарнамалай бастаған. Үшеуі де компанияның құрылтайшылары атанды. Кейін компания қаржы пирамидасы деп танылды. 2021 жылдың қазанында Mudarabah Capital компаниясының иесі Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743992_749:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_f1e75688b5435d2170ac5b23bc652675.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы, тергеу
Қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнерлерге қатысты тергеу аяқталуға жақын - ІІМ
10:55 13.04.2022 (жаңартылды: 16:58 10.08.2023) Жақын арада барлық материал процеске қатысушыларға таныстырылады, содан кейін сотқа жіберіледі
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов вайнерлер жарнама жасаған қаржы пирамидасына қатысты тергеу шараларының аяқталуға жақындағынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін белгілі актер әрі вайнер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және блогер Азимжан Саидбаев қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді.
Төребаев пен Шерниязов 1000 АЕК (3 063 000 теңге) көлемінде кепіл төлеп, соттың соңғы шешіміне дейін бостылды.
Ал Саидбаевты қамауға алуға шешім шығарылды. Бірақ ол шетелге қашып кетті. Оған халықаралық іздеу жарияланды.
"Үшеуі де жауапқа тартылып жатыр. Өкінішке орай, біреуі шетелге қашып кетті. Қазір оның жүрген жерін анықтау шаралары қолға алынды. Біз қылмыстық істі тергеуді аяқтап қалдық. Жақын арада барлық материал процеске қатысушыларға таныстырылады, содан кейін сотқа жіберіледі. Тергеу кезінде күдіктілерге қатысты толық дәлелдер жиналды", - деді Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетері, 2021 жылы вайнерлер Mudarabah Capital компаниясын жарнамалай бастаған. Үшеуі де компанияның құрылтайшылары атанды.
Кейін компания қаржы пирамидасы деп танылды. 2021 жылдың қазанында Mudarabah Capital компаниясының иесі Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды.