https://sputnik.kz/20220413/qarzhy-narygyn-retteu-agenttigi-sberbank-24176954.html
Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Сбербанк мәлімдеме жасады
Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Сбербанк мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Банктің қаржылық орнықтылығы клиенттердің төлемдері мен аударымдарына үздіксіз қызмет көрсетуге мүмкіндік береді 13.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-13T14:06+0500
2022-04-13T14:06+0500
2022-04-13T14:06+0500
сбербанк
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24137857_0:14:3067:1739_1920x0_80_0_0_b31bd5935f70417fe38f596aeed33112.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және "СберБанк" АҚ ЕБ АҚШ қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы Office of Foreign Assets Control бас лицензия шығарғанын мәлімдейді.Оған сәйкес банкпен жасалған мәмілелерді аяқтау мерзімі тағы үш айға, 2022 жылғы 13 сәуірден бастап 2022 жылғы 12 шілдеге дейін ұзартылады.Бұған дейін OFAC-тың ресейлік "СберБанк" ЖАҚ және оның еншілес ұйымдарына қатысты оларды SDN-ге қосуды көздейтін оқшаулау санкцияларын енгізетіні туралы мәлімдеген болатын.Көрсетілген қаржы ұйымы және оның басқа да еншілес құрылымдарымен операциялар 2022 жылғы 13 сәуірге дейін аяқталуға тиіс."Тұтастай алғанда, Қазақстан СберБанкі қаржылық орнықтылықты көрсетіп отыр және салымдарға, кредиттерге қызмет көрсетуді, сондай-ақ ақша қаражатын қабылдау және беруді қоса алғанда, клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы орындауда. Банктің міндеттемелерін өтеу үшін өтімділіктің жеткілікті көлемін жинақтайтын шамамен 1,6 трлн теңге сомадағы жоғары сапалы несие портфелі бар. Қазіргі таңда Қазақстан СберБанкінде 400 млрд теңге мөлшерінде капиталдың жеткілікті қоры бар", - делінген хабарламада.Осылайша, банктің қаржылық орнықтылығы негізгі ұйымның қосымша қолдауымен бірге клиенттердің төлемдері мен аударымдарына үздіксіз қызмет көрсетуге мүмкіндік береді."Банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лимиттер шегінде азаматтар қаражатының сақталуын қамтамасыз етеді", - деп қосты агенттіктегілер.Өз тарапынан, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк секторындағы ахуалға күнделікті мониторингті жүргізетінін мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24137857_198:0:2927:2047_1920x0_80_0_0_8052111c2604aea96767d3d2c6d054ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сбербанк
Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Сбербанк мәлімдеме жасады
Банктің қаржылық орнықтылығы клиенттердің төлемдері мен аударымдарына үздіксіз қызмет көрсетуге мүмкіндік береді
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және "СберБанк" АҚ ЕБ АҚШ қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы Office of Foreign Assets Control бас лицензия шығарғанын мәлімдейді.
Оған сәйкес банкпен жасалған мәмілелерді аяқтау мерзімі тағы үш айға, 2022 жылғы 13 сәуірден бастап 2022 жылғы 12 шілдеге дейін ұзартылады.
"Бұл көрсетілген кезең ішінде банктің штаттық режимде жұмыс істей беретінін білдіреді. Банк клиенттеріне теңгемен және рубльмен жүргізілетін төлемдер мен аударым операциялары (салықтар, баж салықтары, әлеуметтік аударымдар, т.б.) кез келген сомада және қандай да бір шектеулерсіз қолжетімді болады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін OFAC-тың ресейлік "СберБанк" ЖАҚ және оның еншілес ұйымдарына қатысты оларды SDN-ге қосуды көздейтін оқшаулау санкцияларын енгізетіні туралы мәлімдеген болатын.
Көрсетілген қаржы ұйымы және оның басқа да еншілес құрылымдарымен операциялар 2022 жылғы 13 сәуірге дейін аяқталуға тиіс.
"Тұтастай алғанда, Қазақстан СберБанкі қаржылық орнықтылықты көрсетіп отыр және салымдарға, кредиттерге қызмет көрсетуді, сондай-ақ ақша қаражатын қабылдау және беруді қоса алғанда, клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы орындауда. Банктің міндеттемелерін өтеу үшін өтімділіктің жеткілікті көлемін жинақтайтын шамамен 1,6 трлн теңге сомадағы жоғары сапалы несие портфелі бар. Қазіргі таңда Қазақстан СберБанкінде 400 млрд теңге мөлшерінде капиталдың жеткілікті қоры бар", - делінген хабарламада.
Осылайша, банктің қаржылық орнықтылығы негізгі ұйымның қосымша қолдауымен бірге клиенттердің төлемдері мен аударымдарына үздіксіз қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
"Банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лимиттер шегінде азаматтар қаражатының сақталуын қамтамасыз етеді", - деп қосты агенттіктегілер.
Өз тарапынан, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк секторындағы ахуалға күнделікті мониторингті жүргізетінін мәлімдеді.