https://sputnik.kz/20220413/mariupolde-askeri-qaqtygys-zhalgasyp-zhatyr-24194984.html
Мариупольде әскери қақтығыс жалғасып жатыр
Мариупольде әскери қақтығыс жалғасып жатыр
Sputnik Қазақстан
Мариуполь украин нацистерінен толық дерлік азат етілді, "Азовсталь" комбинатының жертөлесіндегі қарулы қарсылықтың соңғы ошақтарын тазалау аяқталып жатыр... 13.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-13T22:54+0500
2022-04-13T22:54+0500
2022-04-14T10:41+0500
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/03/05/23322217_0:0:3273:1842_1920x0_80_0_0_d11dc9a384902f063a438879aa62abb2.jpg
Мариуполь украин нацистерінен толық дерлік азат етілді, "Азовсталь" комбинатының жертөлесіндегі қарулы қарсылықтың соңғы ошақтарын тазалау аяқталып жатыр. 36-шы бригадаға қарасты теңіз жаяу әскерін жаппай тұтқындыққа беру Украина Қарулы күштерінің ауқымды сипатта қиратылуын және Украинадағы "Анти-Ресей" жобасының сәтсіз аяқталуын білдіреді, деп жазды ресейлік әйскери шолушы Александр Хроленко.РФ қорғаныс министрлігі 12 сәуірде Мариупольда теңіз жаяу әскер қатарындағы 1 026 украин әскери қызметкері, соның ішінде 162 офицер мен жынысы әйел 47 әскери тұтқынға берілгенін хабарлады.Бұл әскери-теңіз базалары, жағалаудағы маңызды учаскелер мен жағалау нысандарын қорғау немесе басып алуға арналған және сол үшін машықталған Украина Қарулы күштерінің элиталы арнайы әскері екенін ұмытпау керек. Жаппай тұтқынға берілуі Ресей армиясына қарсы әскери ісқимылдың мәнсіздігін түсінген украиндер саны артып жатқанын аңғартады. Украина Қарулы күштерінің теңіз жаяу әскерінің тұтқындағы үш батальоны алдағы жылдары бейбіт еңбекпен айналысып, қиратылған Донбасты қалпына келтіреді.Ресей арнайы әскери операцияны бастағаннан бері Украина Қарулы күшттеріне қарасты 130 ұшақ, 103 тікұшақ, 244 зениттік зымыран кешені, 447 пилотсыз ұшу аппараты, 2 169 танк пен басқа да броньдалған әскери машина, 1 174 артиллериялық және жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе қиратылды. Сондай-ақ ондаған ірі арсенал мен жүздеген шетелдік жалдамалы әскери жойылды.Біраз бұрын ресейлік Бас штаб Украинада 62 елден келген 6 500-ден астам шетелдік жалдамалы әскери бар екенін хабарлады. Әйткенмен, шетелдік күш Ресейдің украин жеріндегі арнайы әскери операцяның ақырына ешқандай әсер ете алмайды."Азовтсаль" жертөлесінде қоршауда қалған натолық "еріктілер" ойдан құрастырылған әңгіме емес. Мысалы, британ ұлтына жататын украин теңіз әскериі Эйден Эслиннің жақындары күні кеше Эйден азық-түлік пен оқ-дәрі таусылғанын, сондықтан тұтқынға берілуден басқа амал жоқ екенін мойындағанын айтты", - деп жазды әскери шолушы.J.L.C. испан снайпері La Razón журналына берген сұхбатында оның Украинадағы әскері қызметі үшін төленетін жалақы өлтірілген ресейлік офицер мен сарбаз санына байланысты екенін хабарлаған. Француздардың Le Figaro басылымы Ұлыбритаанияның Ерекше әуе қызметі мен АҚШ Армиясының "Дельта" арнайы мақсаттағы әскерінің бірінші жедел бөлімшесі әскерилерінің Украинадағы іс-қимылы туралы жазды.Нацистердің билігінде қалып қойған Украина қарулы күштерін жою Ресей армиясының маңызды мақсаты болып отыр. Дегенмен, мыңдаған украин әскериінің АҚШ мүддесі үшін мерт болуынан гөрі олардың тұтқынға берілуі әлдеқайда жақсы. Бұл жұмыс күші украин агрессиясының сегіз жылында қирап қалған Донбасс ауылдары мен қалаларын қалпына келтіру үшін қажет болады.Донбаста саны 100 мыңға жететін Украина Қарулы күштері мен Украина Ұлттық гвардиясының топтарын қоршау жалғасып жатыр. Луганс пен Донецк халық республикаларының амағында он мыңдаған украин әскери тұтқындарын орналастыру үшін күзетілетін периметр дайындап қоюдың өзіндік мәні бар.12 сәуірде Николаевтағы 36-шы теңіз жаяу әскері бригадасының үш батальонының тұтқынға берілуі Донбасс жеріндегі әскери іс-қимылдың сапалы жаңа кезеңін және тылда Украина Қарулы күштерінің соғысуға қабілетті бөлімдеріне ауыр соққыны білдіреді. Қарсы тараптың шығыны тым үлкен, ол моральді тұрғыда құлдырап отыр. Украинаның батыс облыстарындағы ресейлік әскердің жаңа зымыран соққысынан қорыққандар түнімен көз ілмей жатыр. Ал Батыс "соңына дейін" шайқасуға шақырса, Украина Қарулы күштерінің элиталы әскері тұтқынға берілді.Хроленконың пкірнше, АҚШ пен НАТО стратегтері Ресейдің әскери мүмкіндіктері мен Украинадағы арнайы операцияның келешегіне қатысты қателесуі мүмкін. АҚШ Армиясы Еуропа қолбасшылығының басшысы сенаттағы тыңдалымда "Барлау қызметі ұсынған деректердегі қателіктерге байланысты Пентагон Ресейдің мүмкіндіктерін асыра бағалаған болуы мүмкін" екенін мәлімдеді. Ұлыбританияның Chatham House орталығының аналитигі Матье Булег ресейлік әскер "соғыстың бірінші кезеңінде-ақ азып-тозғанын" және "Сирия мен Армениядан жеткізілген жауынгерлері, әскери резервтерінің қалдықтары есебінен нығайтуды қамтамасыз етуге тырысып жатыр" деген қорытындыға келді.Батыстың мұндай деректер ұсынуы салдарынан Донбаста Украина Қарулы күштері қоршауда қалғанына көбі сенбейтіні анық. New York magazine басылымы осы орайда былай деп жазды: "Владимир Путин Киевті басып алып, Зеленскийді "тақтан құлата алмағандықтан", енді жоқ дегенде Донбасты тартып алуға тырысып жатыр"."Серіктестер" ресейлік президент Владимир Путиннің берік ұстаным әлі де жете бағаламай отыр. Өйткені РФ Қарулы күштері бастапқыда Бас штаб ұсынған жоспар бойынша қарқынды, бірқалыпты әрекет ете береді". Сол сияқты, Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың "арнайы әскери операция АҚШ-тың өз үстемдігін ессіз кеңейтуіне тоқтау қоюға бағытталған" деген сөзіне де мән бермейтін сыңайлы."Арнайы операцияның екінші кезеңінде Донбастағы украин әскері теңіз жаяу әскерінің 36-шы бригадасы секілді батысқа қарай қашуға тырысуға, тұтқынға берілуге немесе ресейлік әскердің қолынан мерт болуға тура келеді. Украина аумағындағы әскери инфрақұрылымға соққы жасау бір күнге де тоққтап жатқан жоқ. Батыстың жалған ақпарат таратып, украиндердің күшін басым қып көрсетуге тырысқанына қарамастан, Ресей арнайы операцияны өз жоспарына сай жалғастырып жатыр", - деп жазды әскери шолушы Хроленко.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
https://sputnik.kz/20220413/qazaqstan-men-resey-birlesken-oqu-zhattygu-otkizdi-24175652.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/05/23322217_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_a68df5143956dde0affe3c22ecc32038.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Мариуполь украин нацистерінен толық дерлік азат етілді, "Азовсталь" комбинатының жертөлесіндегі қарулы қарсылықтың соңғы ошақтарын тазалау аяқталып жатыр. 36-шы бригадаға қарасты теңіз жаяу әскерін жаппай тұтқындыққа беру Украина Қарулы күштерінің ауқымды сипатта қиратылуын және Украинадағы "Анти-Ресей" жобасының сәтсіз аяқталуын білдіреді, деп жазды ресейлік әйскери шолушы Александр Хроленко.
РФ қорғаныс министрлігі 12 сәуірде Мариупольда теңіз жаяу әскер қатарындағы 1 026 украин әскери қызметкері, соның ішінде 162 офицер мен жынысы әйел 47 әскери тұтқынға берілгенін хабарлады.
Бұл әскери-теңіз базалары, жағалаудағы маңызды учаскелер мен жағалау нысандарын қорғау немесе басып алуға арналған және сол үшін машықталған Украина Қарулы күштерінің элиталы арнайы әскері екенін ұмытпау керек. Жаппай тұтқынға берілуі Ресей армиясына қарсы әскери ісқимылдың мәнсіздігін түсінген украиндер саны артып жатқанын аңғартады. Украина Қарулы күштерінің теңіз жаяу әскерінің тұтқындағы үш батальоны алдағы жылдары бейбіт еңбекпен айналысып, қиратылған Донбасты қалпына келтіреді.
Ресей арнайы әскери операцияны бастағаннан бері Украина Қарулы күшттеріне қарасты 130 ұшақ, 103 тікұшақ, 244 зениттік зымыран кешені, 447 пилотсыз ұшу аппараты, 2 169 танк пен басқа да броньдалған әскери машина, 1 174 артиллериялық және жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе қиратылды. Сондай-ақ ондаған ірі арсенал мен жүздеген шетелдік жалдамалы әскери жойылды.
Біраз бұрын ресейлік Бас штаб Украинада 62 елден келген 6 500-ден астам шетелдік жалдамалы әскери бар екенін хабарлады. Әйткенмен, шетелдік күш Ресейдің украин жеріндегі арнайы әскери операцяның ақырына ешқандай әсер ете алмайды.
"Азовтсаль" жертөлесінде қоршауда қалған натолық "еріктілер" ойдан құрастырылған әңгіме емес. Мысалы, британ ұлтына жататын украин теңіз әскериі Эйден Эслиннің жақындары күні кеше Эйден азық-түлік пен оқ-дәрі таусылғанын, сондықтан тұтқынға берілуден басқа амал жоқ екенін мойындағанын айтты", - деп жазды әскери шолушы.
J.L.C. испан снайпері La Razón журналына берген сұхбатында оның Украинадағы әскері қызметі үшін төленетін жалақы өлтірілген ресейлік офицер мен сарбаз санына байланысты екенін хабарлаған. Француздардың Le Figaro басылымы Ұлыбритаанияның Ерекше әуе қызметі мен АҚШ Армиясының "Дельта" арнайы мақсаттағы әскерінің бірінші жедел бөлімшесі әскерилерінің Украинадағы іс-қимылы туралы жазды.
Нацистердің билігінде қалып қойған Украина қарулы күштерін жою Ресей армиясының маңызды мақсаты болып отыр. Дегенмен, мыңдаған украин әскериінің АҚШ мүддесі үшін мерт болуынан гөрі олардың тұтқынға берілуі әлдеқайда жақсы. Бұл жұмыс күші украин агрессиясының сегіз жылында қирап қалған Донбасс ауылдары мен қалаларын қалпына келтіру үшін қажет болады.
Донбаста саны 100 мыңға жететін Украина Қарулы күштері мен Украина Ұлттық гвардиясының топтарын қоршау жалғасып жатыр. Луганс пен Донецк халық республикаларының амағында он мыңдаған украин әскери тұтқындарын орналастыру үшін күзетілетін периметр дайындап қоюдың өзіндік мәні бар.
12 сәуірде Николаевтағы 36-шы теңіз жаяу әскері бригадасының үш батальонының тұтқынға берілуі Донбасс жеріндегі әскери іс-қимылдың сапалы жаңа кезеңін және тылда Украина Қарулы күштерінің соғысуға қабілетті бөлімдеріне ауыр соққыны білдіреді. Қарсы тараптың шығыны тым үлкен, ол моральді тұрғыда құлдырап отыр. Украинаның батыс облыстарындағы ресейлік әскердің жаңа зымыран соққысынан қорыққандар түнімен көз ілмей жатыр. Ал Батыс "соңына дейін" шайқасуға шақырса, Украина Қарулы күштерінің элиталы әскері тұтқынға берілді.
Хроленконың пкірнше, АҚШ пен НАТО стратегтері Ресейдің әскери мүмкіндіктері мен Украинадағы арнайы операцияның келешегіне қатысты қателесуі мүмкін. АҚШ Армиясы Еуропа қолбасшылығының басшысы сенаттағы тыңдалымда "Барлау қызметі ұсынған деректердегі қателіктерге байланысты Пентагон Ресейдің мүмкіндіктерін асыра бағалаған болуы мүмкін" екенін мәлімдеді. Ұлыбританияның Chatham House орталығының аналитигі Матье Булег ресейлік әскер "соғыстың бірінші кезеңінде-ақ азып-тозғанын" және "Сирия мен Армениядан жеткізілген жауынгерлері, әскери резервтерінің қалдықтары есебінен нығайтуды қамтамасыз етуге тырысып жатыр" деген қорытындыға келді.
Батыстың мұндай деректер ұсынуы салдарынан Донбаста Украина Қарулы күштері қоршауда қалғанына көбі сенбейтіні анық. New York magazine басылымы осы орайда былай деп жазды: "Владимир Путин Киевті басып алып, Зеленскийді "тақтан құлата алмағандықтан", енді жоқ дегенде Донбасты тартып алуға тырысып жатыр".
"Серіктестер" ресейлік президент Владимир Путиннің берік ұстаным әлі де жете бағаламай отыр. Өйткені РФ Қарулы күштері бастапқыда Бас штаб ұсынған жоспар бойынша қарқынды, бірқалыпты әрекет ете береді". Сол сияқты, Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың "арнайы әскери операция АҚШ-тың өз үстемдігін ессіз кеңейтуіне тоқтау қоюға бағытталған" деген сөзіне де мән бермейтін сыңайлы.
"Арнайы операцияның екінші кезеңінде Донбастағы украин әскері теңіз жаяу әскерінің 36-шы бригадасы секілді батысқа қарай қашуға тырысуға, тұтқынға берілуге немесе ресейлік әскердің қолынан мерт болуға тура келеді. Украина аумағындағы әскери инфрақұрылымға соққы жасау бір күнге де тоққтап жатқан жоқ. Батыстың жалған ақпарат таратып, украиндердің күшін басым қып көрсетуге тырысқанына қарамастан, Ресей арнайы операцияны өз жоспарына сай жалғастырып жатыр", - деп жазды әскери шолушы Хроленко.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы