Қоғам

Көкшетауда түнгі клуб маңында төбелес шықты – видео

© Photo : Pixabay / Republicaиллюстрациялық фото
иллюстрациялық фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2022
Жазылу
Оқиға орнына дереу келген полиция төбелеске қатысқан екі адамды ұстады. Олар түнгі клубтың қызметкері екені анықталды
АЛМАТЫ, 13 сәуір – Sputnik. Көкшетауда түнгі клуб жанында төбелес болды. Оған қатысқандарды жергілікті полиция бейнебақылау камералары арқылы анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.
Оқиға 10 сәуірге қараған түні болған. Видеодағы жазбаға сәйкес, төрт жігіт арасында төбелес шыққан.
Жедел басқару орталығының қызметкерлері түнгі сағат 03.15 шамасында Көкшетау қаласында ойын-сауық мекемесінің маңында төбелес шыққанын анықтап, ақпаратты жақын маңдағы полиция қызметкерлеріне жолданған.
Оқиға орнына дереу келген полиция төбелеске қатысқан екі адамды ұстады. Олар түнгі клубтың қызметкері екені анықталды. Тағы екі адам автокөлікке отырып, оқиға орнынан қашып кетті.
Олар облыс орталығындағы көшелердің бірінде ұсталды.
"Ұсталған төрт адам медициналық куәландыруға жіберіліп, одан әрі тексеру үшін Көкшетау қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Төбелестің шығуына мекемеге келген 26 жастағы қонақ пен 1997 және 1998 жылы туған мекеме қызметкерлері арасында туындаған жанжал себеп болған", - делінген полиция таратқан ақпаратта.
Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі "бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.
Жаңалықтар
0