Экономика

Доллар биржада қымбаттады

© Sputnik / Абзал КалиевДоллар, теңге, ақша
Доллар, теңге, ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2022
Жазылу
Соңғы екі күнде теңге бағамы тұрақталды
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 449,99 теңгені құрады.
Кеше, 12 сәуірде доллардың орташа бағамы 449,63 теңге болған еді.
2022 жылғы 13 сәуірде сауда қатысушылары жалпы сомасы 79 млн долларға 177 мәміле жасады. Бұл кешегіге қарағанда 20 миллионға аз.
Kurs.kz порталының мәліметінше, айырбастау пунктері долларды орташа есеппен 448-452 теңгеге сатып алып, 453-455 теңгеге сатып жатыр.
Рубльге тоқталсақ, сауда қатысушылары барлығы 750 млн рубльге 31 мәміле жасады. Нәтижесінде рубльдің орташа бағамы 5,6 теңгені құрады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2022
Экономика
Halyk Bank "Сбербанк Қазақстаннан" 330 млрд теңгенің кредиттерін сатып алды
Жаңалықтар
0