Доллар бағамы түскеннен кейін азық-түлік арзандай ма – сауда министрлігі болжам жасады

© Sputnik / Анна ПлатоноваАлматинцы поддались общей панике: оптом скупают продукты питания и медикаменты
Алматинцы поддались общей панике: оптом скупают продукты питания и медикаменты - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2022
Жазылу
Оның айтуынша, көтерме сауда желілері бағаны көтерсе, дүкендер де өз үстемесін қосады
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі доллар бағамы түскеннен кейін азық-түліктің төмендейтінін болжап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабековтың айтуынша, наурыз айында доллар күрт көтерілгеннен кейін халық дүрлігіп қалды. Көбісі жаппай дүкенге жүгірді. Сұраныс бірден жоғарылады.
Содан сауда желілері де бағаны көтере бастады. Себебі сатып алынатын тауарлар қымбаттайды деп кауіптенді.
"Қазір доллар артқа қарай шегінді. Бірақ естеріңізде болса, доллар күрт өскенде бағалар бірден өскен жоқ қой. Меніңше, бәрі орнына келеді, баға да бірдіндеп төмендей бастайды", - деді Әбілдабеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, көтерме сауда желілері бағаны көтерсе, дүкендер де өз үстемесін қосады.
"Енді, біз заң бойынша кез келген дүкенге кіріп, тексеріс жасай алмаймыз. Өйткені мораторий бар. Бірақ қазір республика бойынша 114 базар тексеріліп жатыр. Соның ішінде "Алтын орда" базары да бар. Ол жерде тексеріс аяқталуға жақын. Сондықтан баға түседі деп ойлаймын. Қазіргі деңгейде тұра бермейді. Өйткені бәсекелестік баға түсіруге мәжбүр етеді", - деп атап көрсетті ол.
Жаңалықтар
0