Өңірлер

Ақтөбе облысында су тасқынынан үш ауылға көлік кіре алмай отыр

© Sputnik / Тимур Батыршинархивтегі сурет
архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2022
Жазылу
Ақтөбе облысында үш ауыл көлік қатынасынан ажырап қалды, ал БҚО-дағы ауылдың жанындағы бөгетті су шайып, ауылдың айналасын су басты
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Ақтөбе облысында су тасқыны салдарынан үш ауылға көлік кіре алмай отыр, деп хабарлайды "Диапазон".
Өңірлік басылым жазғандай, ТЖД мәліметі бойынша су тасқыны кезінде автокөлік жолдарына су жайылуы бойынша 17 факті тіркеліп, тас жолдың 10 бөлігін су шайып кеткен. Салдарынан үш мыңнан астам халық тұратын 10 елді мекенмен байланыс үзілді. Атап айтқанда, бұл Байғанин, Қобда, Ойыл, Мұғалжар аудандары.
"Қобда ауданындағы Жарық, Қоғалы және Көкүй елді мекендеріне жететін жол қалпына келтірілген жоқ. Байланыс ажыратылған елді мекендерде азық-түлік пен дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры бар. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қажеттілік туындаса, моторлы қайықтың көмегімен азық-түлік жеткізіледі", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ақтөбе мен Саржар аулында жалпы саны 41 тұрғын үй мен 78 саяжай су астында қалды. Су басқан үйлердегі су арнайы техникамен тартылды. Құтқарушылар 520 адамды эвакуациялады.
Ал көрші өңір – Батыс Қазақстан облысында - Ресейдің Орынбор облысындағы бөгетті су шайып кетуі салдарынан ауылдың бірі су қоршауында қалды. Бірақ мұнда үйлерді су басқан жоқ.
Бәйтерек ауданындағы Чинаев аулында қап түріндегі бөгет жабдықтары, мотопомпалар мен қайықтар жеткізілді. БҚО ТЖД хабарлағандай, ауылда тұратын 150 адамның ішінен тек төрт ер адам ғана ауылда қалған.
Ауыл ішінде ұзындығы 50 метр болатын дамба нығайтылды. "Санжар" шаруа қожалығынатиесілі 250 бас мал (220 сиыр мен 30 қой) қауіпсіз жерге көшірілді.
Сонымен қатар 130 адам үш учаскеде жұмыс жүргізіп жатқаны белгілі болды: 215 метр ұзындыққа 1 185 қап орналастырылды. Су көп көлемде келуі мүмкін деген күдікпен өзен сағасына патруль жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0