Ұлттық ұлан үздік 5 қызметтік итті таныстырды – фото

© Photo : Министерство обороны РКАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Жазылу
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі құқық тәртібі әскерінің үздік бес итін таныстырды. Қызметтік иттер қылмыскерлерді, есірткі мен қаруды іздейді, тәртіп бұзушыларды ұстайды. Жоғалған азаматтарды табуға көмектеседі.
Sputnik Қазақстан фотолентасынан Ұлттық ұлан жауынгерлік қызметінің бас басқармасына қарасты кинология қызметіндегі үздік бес иттің фотосын көріп, олар туралы қызық ақпаратты оқыңыз.
© Photo : Ұлттық ұланның баспасөз қызметіЖауынгерлік қызметтегі үздік иттің бірі – Джек
Жауынгерлік қызметтегі үздік иттің бірі – Джек - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Жауынгерлік қызметтегі үздік иттің бірі – Джек
Жауынгерлік қызметтегі үздік иттің бірі – Джек. 6697 әскери бөлімі жедел мақсаттағы батальонындағы Джек есірткіні іздеуге үйретілген. Ол 2016 жылы туған. Қызмет өтілі – алты жыл.
Ұлттық ұланының баспасөз қызметі қоғамдық тәртіпті сақтау және ішкі істер органдарына көмек көрсету бойынша қызмет атқару кезінде Джек жоғары нәтижелер көрсеткенін айтты. Мысалы, 2021 жылдың 27 сәуірінде Қостанайда Джек тұрғын үйді тексеру кезінде жасыл түсті зат салынған екі целлофан пакетін (гашиш 80 грамм) тапқан.
"Қарасора-2021" жедел алдын алу іс-шарасы барысында ішкі істер органдарына көмек көрсетті. Қызметтік ит жалпы салмағы 76 грамм ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес затты қалтасына жасырған азаматты анықтады. Ұсталған азамат Қостанай полиция басқармасына жеткізілді.
Сондай-ақ жеке үйді тінту кезінде Джек жылыту пешінің қасына келіп отырған, осылайша жасырылған затты тапқаны туралы белгі берген. Пешті тексеру кезінде 460 грамм есірткі табылды.
Джектің қызметтегі досы және әскери жолдасы – мамандар тобының аға маманы, аға сержант Сергей Абросимов. Екеуі алты жылдан бері бірге жұмыс істейді.
© Photo : Ұлттық ұланның баспасөз қызметіАрес – Павлодар қаласындағы 5512 әскери бөлімінің патрульдік-іздестіру иті
Арес – Павлодар қаласындағы 5512 әскери бөлімінің патрульдік-іздестіру иті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Арес – Павлодар қаласындағы 5512 әскери бөлімінің патрульдік-іздестіру иті
Ұлттық ұландағы үздік қызметтік иттің бірі – Арес.
Арес – Павлодар қаласындағы 5512 әскери бөлімінің патрульдік-іздестіру иті. Ол тоғыз жаста. Нұсқаушысы – сержант Ильсур Хайруллин.
Арестің қызмет жолына келсек, бірде теміржол вокзалында болғанда қызметтік ит белсенді мінез-құлықпен күдікті азаматты көрсеткен. Мән-жайды анықтау үшін әлгі азаматты полиция бөліміне жеткізгенде оның сөмкесінен целлофан пакеті табылады. Онда өсімдік тектес сұр-жасыл зат салынған үш қағаз пакет шығады.
Сондай-ақ 2021 жылдың 10 мамырында Лермонтов көшесінде қызмет өткеру кезінде Арес тағы бір күдіктінің қасына келіп, мінез-құлықпен адамды нұсқайды. Аталған азаматты тексеру барысында күртешенің оң қалтасынан сұр-жасыл түсті зат салынған түйіншек табылған.
© Photo : Ұлттық ұланның баспасөз қызметіЗара – Тараздағы 5513 әскери бөлімінің жарылғыш заттарды іздестіру иті
Зара – Тараздағы 5513 әскери бөлімінің жарылғыш заттарды іздестіру иті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Зара – Тараздағы 5513 әскери бөлімінің жарылғыш заттарды іздестіру иті
Үздік иттің бірі спецназдың досы – Зара. Ол – Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінің жарылғыш заттарды іздестіру иті. Нұсқаушысы – сержант Досан Аймаханов.
Зара 2022 жылдың 20 қаңтарында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару кезінде 6506 әскери бөлімінің "Б" тобымен бірге Жалпақтөбе кентінде қырағылық танытты. Құрылысы аяқталмаған бір қабатты ғимаратты қарау кезінде Зара кресло маңына келіп қыңсылаған. Сол жерден төрт дана граната табылады.
Екі күннен кейін полиция қызметкерлерімен бірге Зара Құмшағал кентінде қызмет атқару барысында канал жағасындағы жыртылған жерге келіп, үреді. Әскери қызметшілер жерді қазады. Нәтижесінде қолмен басқарылатын алты оқтаулы "РГ-6" үлгісіндегі гранатомет жерге жасырылғаны анықталды.
Зара бұл салада бес жылдан бері қызмет етіп келеді.
© Photo : Ұлттық ұланның баспасөз қызметіНемо қылмыстық-түзету жүйесі мекемесін күзетеді
Немо қылмыстық-түзету жүйесі мекемесін күзетеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Немо қылмыстық-түзету жүйесі мекемесін күзетеді
Үздік иттердің бірі – Немо. Ол Тараздағы 5513 әскери бөлімде Зарамен бірге қызмет етеді.
Немо қылмыстық-түзету жүйесі мекемесін күзетеді. Қарауылдың көмекшісі рөлінде ол адамдармен қатар қамауға алынған қылмыскерлерді күзетеді.
Немоның қызмет жолына келсек, Айша бибі елді мекенінде қызмет атқару барысында кинолог ефрейтор Ахметов қызметтік итті қолданып, ғимараттың ішін тексереді. Үйдің барлық бөлмесін тексеру барысында Немо бір бұрышты қазып нұсқайды. Ол бұрышта қара пакет жасырылғаны анықталды. Ішінен төрт дана 5,45 мм калибрлі және үш дана 9 мм калибрлі патрон табылған.
© Photo : Ұлттық ұланның баспасөз қызметіМалыштан ешкім қашып құтылған емес
Малыштан ешкім қашып құтылған емес - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Малыштан ешкім қашып құтылған емес
Малыш – 2021-2022 жылдары қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша қызмет атқару кезінде өте жақсы нәтиже көрсеткен қызметтік ит. Ол 2018 жылы туған. Қызметті бастағанына көп болған жоқ.
Аз болса да, сол аралықта Малыштан ешкім қашып құтылған емес.
Бірде әскери жасақ күдікті азаматты байқайды да ер адамнан кідіруін сұрайды. Бірақ ол ұландықтардың айтқанына құлақ аспай, бірден аулаға қаша жөнеледі. Патрульші-кинолог сержант Рахметов "Тоқта! Мен қызметтік итті қолданамын!" деп айқай салады. Артынша Малыштың тұмылдырығын шешеді.
Қызметтік ит қашқынды қуып жетеді де, жерге құлатады. Патрульшілер келгенше еш жерге жібермей ұстап тұрады. Ұсталған азаматты тексеру барысында оның ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша іздестіріліп жатқаны анықталды. Ол Көкшетау қаласының полиция басқармасына жеткізілген.
Жаңалықтар
0