Қоғам

Қайта министр болған Тамара Дүйсенова үкімет отырысында не деді

Тамара ДҮйсенова - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Жазылу
Журналистер Дүйсеновадан қалай "демалғанын" сұрады
АЛМАТЫ, 12 сәуір – Sputnik. Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өзінің үкіметке оралғаны туралы айтты.
Бұған дейін Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тамара Дүйсенованы "демалысқа" жіберген еді.
Соған байланысты Үкімет отырысынан кейін журналистер Дүйсеновадан қалай "демалғанын" сұрады.
"Мен үнемі жұмыс істедім. Маған бір ай беруді сұраймын, содан кейін сіздерге шығып, қызықтырған барлық сұраққа жауап беруге дайынмын", - деді Тамара Дүйсенова журналистерге.
Айта кетері, 11 сәуірде Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
2018 жылдың ақпанында Нұрсұлтан Назарбаев сол кезде еңбек министрлігін басқарған Тамара Дүйсенованы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді кейінге қалдырғаны үшін сынға алды.
Елбасы Дүйсеноваға: "Тамара, айтшы, сен бұл жұмыстан шаршадың ба?" деген еді.
Жаңалықтар
0