Шымкенттік "Шумахерге" жарты жылда 4,5 миллион теңге айыппұл салынған

© Photo : официальный сайт акимата ШымкентаШымкент, виды города
Шымкент, виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Жазылу
Жергілікті жүргізушілердің бірі жарты жыл ішінде жылдамдық режимін 178 рет бұзған
НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Шымкент қаласында сынақтан өткен ақпараттық жүйенің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, ақпараттық жүйе күнделікті криминогендік ахуалды бақылауға, талдауға, ең бастысы, барлық процесті жедел әрі тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Ақпаратты жинау және өңдеу автоматтандырылады, шектен тыс бюрократизм жойылады, әкімшілік және сотқа дейінгі іс жүргізу оңтайландырылады.
Жақында осы ақпараттық жүйе Шымкент қаласында апробациядан өтті. Соның негізінде жол қозғалысы ережесін жиі бұзатын ТОП-100 жүргізуші автоматты түрде жасалды.
"Мәселен, жергілікті жүргізушілердің бірі жарты жыл ішінде жылдамдық режимін 178 рет бұзған, айыппұл сомасы 4,5 миллион теңгені құрайды. Жалпы жол ережесін бұзған шымкенттіктерге 2,2 миллиард теңге айыппұл салынған", - деді Ахметжанов ішкі істер органдарының І тоқсандағы жұмысына арналған жиында.
Статистикаға сәйкес, елімізде жол қозғалысы ережесін бұзудың әрбір үшінші фактісі Шымкент жолдарында анықталады. Мегаполистің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін елемейді. Соның салдарынан үш айдың ішінде жол апатынан 9 адам қаза болды. Бұл басқа өңірлермен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіш болып отыр.
Осыған байланысты министр Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығына тиісті шара қабылдап, осы бағытта нақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Жаңалықтар
0