https://sputnik.kz/20220412/qazaqstan-ishki-zhalpy-onim-24145670.html
Қазақстанда ішкі жалпы өнім 4,4 процентке өсті
Қазақстанда ішкі жалпы өнім 4,4 процентке өсті
Sputnik Қазақстан
Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде отандық экономикадағы нақты сектордың орнықты дамуы байқалады 12.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-12T09:29+0500
2022-04-12T09:29+0500
2022-04-12T09:29+0500
өндіріс
жеңіл өнеркәсіп
үкімет
https://sputnik.kz/img/899/84/8998462_48:0:2452:1352_1920x0_80_0_0_7b70f1ea2c926298bf1e343ab1fef07f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір– Sputnik. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов ішкі жалпы өнімнің 4,4 процентке өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде отандық экономикадағы нақты сектордың орнықты дамуы байқалады. Соның нәтижесінде бірінші тоқсанда жалпы ішкі өнім 4,4 процентке өсті. Ал тау-кен өнеркәсібі 6,1 проценттік өсім бар. Оған мұнай игеру көлемі (+7,6 процент), табиғи газ (+8,2 процент), метал кені мен көмір өндіруді (+ 1,9 процент ) ұлғайту шаралары әсер етті. "Қызмет көрсету секторында көлік, сауда және байланыс салаларындағы жоғары динамика есебінен 2,8 процент деңгейінде оң өсім байқалып отыр. Құрылыс саласында өсім 8,6 процентті құрады. Қазірдің өзінде 2,9 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді ",- деп атап көрсетті Смайылов. Биыл қаңтар-наурыз айларында бойынша Ақмола, Алматы, Жамбыл мен Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ, Шымкент пен Нұр-Сұлтанда барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсім бар. "Қалған өңірлер жұмысты жандандыруға тиіс", - деді Смайылов
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/899/84/8998462_343:0:2146:1352_1920x0_80_0_0_1a722202430c55d09f205c3831cc6a69.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өндіріс, жеңіл өнеркәсіп, үкімет
өндіріс, жеңіл өнеркәсіп, үкімет
Қазақстанда ішкі жалпы өнім 4,4 процентке өсті
Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде отандық экономикадағы нақты сектордың орнықты дамуы байқалады
НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір– Sputnik. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов ішкі жалпы өнімнің 4,4 процентке өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде отандық экономикадағы нақты сектордың орнықты дамуы байқалады. Соның нәтижесінде бірінші тоқсанда жалпы ішкі өнім 4,4 процентке өсті.
"Ел экономикасының өсуіне, негізінен, өңдеуші өнеркәсіп салалары әсер етті. Атап айтқанда, былғары өнімдерін өндіру - 29 процентке, сусындар өндірісі - 19 процентке, фармацевтика - 18 процентке, пластмасса өнімдерін шығару - 15 процентке, киім-кешек өндірісі - 13 процентке, минералды өнімдер - 12 процентке, машина жасау саласы - 11 процентке, оның ішінде автомобиль өндірісі - 15 процентке, дайын металл бұйымдарын өндіру 11 процентке өсіп отыр", - деді Смайылов.
Ал тау-кен өнеркәсібі 6,1 проценттік өсім бар. Оған мұнай игеру көлемі (+7,6 процент), табиғи газ (+8,2 процент), метал кені мен көмір өндіруді (+ 1,9 процент ) ұлғайту шаралары әсер етті.
"Қызмет көрсету секторында көлік, сауда және байланыс салаларындағы жоғары динамика есебінен 2,8 процент деңгейінде оң өсім байқалып отыр. Құрылыс саласында өсім 8,6 процентті құрады. Қазірдің өзінде 2,9 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді ",- деп атап көрсетті Смайылов.
Биыл қаңтар-наурыз айларында бойынша Ақмола, Алматы, Жамбыл мен Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ, Шымкент пен Нұр-Сұлтанда барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсім бар.
"Қалған өңірлер жұмысты жандандыруға тиіс", - деді Смайылов