"Соңғы 30 жылда болмаған": премьер-министр азық-түлік бағасы туралы айтты

© Sputnik / Абзал Калиевазық-түлік
азық-түлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Жазылу
Премьер-министр Қазақстандағы азық-түлік бағасының өсуіне әсер еткен негізгі факторларды да атады
НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір– Sputnik. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов азық-түлік бағасы туралы айтты , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жалпы, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына шектеу шараларының әсерін барынша азайта алдық. Бұл жұмыстарды жалғастыруымыз қажет. Бізбен көршілес елдердің экономикасына санкциялардың ықпалы күшейе түсуде. Сонымен қатар үкіметтің алдындағы күрделі міндеттің бірі - инфляцияны ұстап тұру. Ал наурыз айының қорытындысы бойынша еліміздегі жылдық инфляцияның деңгейі 12 процентті құрады", - деді Смайылов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Премьер-министр Қазақстандағы азық-түлік бағасының өсуіне әсер еткен негізгі факторларды да атады.
Бірінші кезекте сауда-саттық жасайтын серіктес елдерде инфляция өсті. Оған қоса, әлемдік азық-түлік бағасының көтерілуі тікелей әсер етті.
"Біріккен Ұлттар Ұйымы азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметі бойынша биыл наурыз айындағы азық-түлік бағасының әлемдік индексі 159 проценттік пунктке дейін өсіп, соңғы 30 жылда болмаған ең жоғары деңгейге жеткен. Әлемде, негізінен, дәнді-дақылдарға, өсімдік майына, қантқа, ет пен сүт өнімдеріне баға күрт өсіп кеткен. Бұл біздің нарыққа да тікелей әсер етіп отыр", - деп атап көрсетті Смайылов.
Үкімет басшысы 2024 жылға дейін инфляцияны бақылау және төмендету шараларының қолға алынғанын еске салды.
"Инфляцияны ұстап тұру үшін қажетті құралдар бар. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер оларды тиімді пайдаланып, бұл мәселені ерекше назарда ұстауы тиіс", - деді Смайылов.
Жаңалықтар
0