Павлодар мұнайхимия зауытының басшылығына қарсы қылмыстық іс қозғалды

© Sputnik / Ксения ВоронинаПМХЗ
ПМХЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Жазылу
Тергеу зауыт басшылығы шикі мұнайды қайта өңдеу қызметіне монополиялық жоғары баға белгілегенін анықтады
НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Павлодар мұнайхимия зауытының (ПМХЗ) басшылығына қарсы қылмыстық іс қозғалды.
"2022 жылдың 31 наурызында Экономикалық тергеу департаменті 2021 жылы шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша қызметтерге монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі бойынша "ПМХЗ" ЖШС басшылығына қатысты (қылмыстық іс қозғалды) сотқа дейінгі тергеуді тіркеді", -деп хабарлады бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.
Агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратураның басшылығымен "Павлодар мұнайхимия зауыты" ЖШС қызметіне ведомствоаралық тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 2021 жылы шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындауға монополиялық жоғары баға белгілеу түрінде зауыттың үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері анықталды.
Монополияға қарсы департаменттің қорытындысын прокуратура іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдады.
"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директоры Оспанбек Әлсейітовке және басқа да тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Оның ұлының айтуынша, тергеу Әлсейітовті 2018 жылдың 3 қаңтарында қоспаларды жеткізу келісімшартына қол қойған деп айыптап отыр. Ал бүкіл тендерлік рәсімдер мен шешімдер әкесі "Қазмұнайгаз" компаниясында жұмыс істеген кезде қабылданған. Бұл қызметке ол 2017 жылдың 22 желтоқсанында тағайындалған.
Жаңалықтар
0