Оқиға

Министрлік алдында өзін өртеп жіберген әйелдің жағдайы белгілі болды

© Sputnik / Абзал Калиевархив сурет
архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Жазылу
11 сәуірде елордада Mudarabah Capital қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салған әйел жұрттың көзінше өзін өртеп жіберді
АЛМАТЫ, 12 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жұрттың көзінше өзін өртеп жіберген әйелдің денсаулығы белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Нұр-Сұлтанның денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 1990 жылы туған әйел жедел жәрдем көлігімен 1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді.
"Палатаға түскен кезде оны комбустиолог, реаниматолог, токсиколог, терапевт мамандары қарап шықты. Науқастың жағдайын ескеріп, күйік шогы, күйік пен жаралардың тереңдігі бар болғандықтан оны реанимация бөліміне жатқызды", - деп хабарлады басқармадағылар.
Қазір әйел толық медициналық көмек алып отыр. Ол ОАРИТ медицина қызметкерлерінің бақылауына алынған. Оның денсаулығы әлі де ауыр деп бағаланып отыр.
Айта кетері, 11 сәуірде елордада Mudarabah Capital қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салған әйел жұрттың көзінше өзін өртеп жіберді.
Ішкі істер министрлігінің ғимаратына әйел және алаяқтардың басқа құрбандары тергеу объективті түрде жүргізілмей отырғанын айтып барған.
Mudarabah Capital қаржы пирамидасы 2020 жылы құрылған, оны танымал винерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев жарнамалаған. Кейінірек Саидбаевқа іздеу жарияланды.
Алматы полиция департаменті бұл қылмыстық іс бойынша 14 адам күдікті деп танылып, оның екеуіне халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлады.
Жаңалықтар
0