Министр нанның бағасы туралы айтты

© Photo : СС0 / klimkinнан
нан - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Жазылу
Министрдің айтуынша, астық - бұл биржалық тауар. Оған әлемдік бағалардың құбылуы да әсер етеді
НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір– Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев нанның бағасына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақстанда әлеуметтік нан қымбаттамайды. Бізде аймақтарға арзан ұнды жеткізуге қажетті бидайдың 275 мың тоннасы резервте тұр. Соның арқасында әлеуметтік нанның бағасы шекті сомадан аспайды", - деді Қарашөкеев үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Ал басқа нан және нан өнімдері қымбаттады. Оны министрдің өзі де байқап отыр.
"Себебі жыл басынан бері бидайдың бір тоннасы қымбаттады. Бұрын 115-116 мың теңге болса, қазір 150 мыңға дейін барды. Одан жасалған ұнның бағасы да көтеріледі", - деп атап көрсетті Қарашөкеев.
Министрдің айтуынша, астық - бұл биржалық тауар. Оған әлемдік бағалардың құбылуы да әсер етеді.
Дегенмен, соңғы кезде ұлттық валютамыз нығайн соң астықтың бағасы біршама төмендеді.
"Ал әлеуметтік нанның бағасы өзгермейді. Шамамен, 100 теңгенің маңайында қала береді", - дейді Қарашөкеев.
Жаңалықтар
0