Лисаковск әкімдігінің қызметкері кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді

© Photo : Hans KretzmannДевочка закрыла лицо руками, иллюстративное фото
Девочка закрыла лицо руками, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Қостанай облысының Лисаковск әкімдігінің қызметкері кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Қостанайские новости.
Полицияға ішкі саясат бөлімінің басшысына қатысты қыздың анасынан арыз түсті. Ер адам қызбен әлеуметтік желіде танысып, өзіне ғашық қылған. Ал жыныстық қатынастан кейін басқа құрбан іздеген.
Желідегі парақшасында өзінің шынайы жасын жасырып, әйелі, бала-шағасы барын да айтпаған.
Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 120 бабы 3-1 бөлімі (кәмелетке толмағанды зорлау) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу жасалды.
Жаңалықтар
0