Ғалымдардың орташа жалақысы өсті - министрлік

© Sputnik / Болат Шайхинов Назарбаев университетінің зертханасы
 Назарбаев университетінің зертханасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Жазылу
Бұрын ғалымдардың жалақысы тұрақсыз болып, конкурстардың нәтижелеріне байланысты болатын
НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір– Sputnik. Қазақстанда ғалымдардың орташа жалақысы өсті. Бұрын 152 мың теңге болса, енді ол 257 мың теңгеге өсіп, 1,5 миллион теңгеге дейін өзгеріп отырады, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.
Бұрын ғалымдардың жалақысы тұрақсыз болып, конкурстардың нәтижелеріне байланысты болатын.
"Енді қабылданған заңнамалық түзетулердің арқасында жетекші ғалымдардың (1 200 адам) жалақысы базалық қаржыландыруға қосылды. Бұл ретте ғалымдарға төленетін қосымша авторлық сыйақының жалпы сомасы 338 млн теңгеге тең. Ал инновациялық жобаларды сатудан түскен табыс 16,3 млрд теңгені құрады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар 2021 жылы министрлік "Үздік ғылыми қызметкер" байқауын өткізді, оның нәтижесі бойынша 50 жеңімпаз 6 млн теңгеден сыйақы алды.
"Одан бөлек, докторанттардың стипендиясы 2019 жылы 82 000 теңге болса, енді биыл 195 000 теңгеге дейін өсті. Соңғы 2 жылда министрлік 130 жобаны жүзеге асырды, оның 120-сы сату кезеңіне жетті. Ғалымдарымыздың ғылыми жобаларының экспорты 346 млн теңгеден асты", - деп нақтылады министрліктегілер.
Білім және ғылым министрлігі кадр әлеуетін нығайтуға және ғалым- зерттеушілерге қажетті жағдай жасауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
Жаңалықтар
0