Фермерлер 2023 жылы өнімділік төмендейді деп алаңдап отыр

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуБидай
Бидай - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Жазылу
2022 жылдың өзінде астық өсірудің өзіндік құны өсті
НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Фермерлер 2023 жылы өте қиын маусым болады деп болжап отыр. Бұл отандық ауыл шаруашылығындағы бірқатар процеске байланысты, олардың кейбірі 2022 жылы байқала бастайды.
Жанар-жағармай бағасының қымбаттауы тыңайтқыш құнына кері әсерін тигізеді, дейді Қазақстан астық одағының өкілі Талғат Алдажаров. Сонымен қатар 2022 жылдың наурыз айында Ресей тыңайтқыш экспортын шектеу туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, Ресей Федерациясы әлемдегі ең ірі тыңайтқышпен жабдықтаушылардың бірі болып саналады.

"Бізді 2023 жылы өте қиын маусым күтіп тұр. Энергия тасымалдаушылар қатты қымбаттады – газ қымбаттады, мұнай қымбаттады. Ал бұл тыңайтқыштың бағасына әсер етеді. Олар одан да қатты қымбаттап жатыр. Сонымен қатар Ресейден тыңайтқыш экспортына шектеулер бар. Пестицидтердің құны тікелей мұнай химиясына байланысты. Оған қоса, тыңайтқыштардың қымбаттауы келесі жылдың өніміне әсер етеді. Яғни 2023 жылы тұқым биылғыдан да қымбат болады", - деді Талғат Алдажаров Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде қазақстандық диқандар үшін астықтың өзіндік құны айтарлықтай өскен. Мысалы, тыңайтқыш бағасы 2021 жылдан бері екі еседен астам өсті.
"Оның үстіне утильалымға қатысты мәселе әлі де түсініксіз. Бізге оны қысқартамыз немесе мүлдем алып тастаймыз деп қаңтардан бері айтып келеді. Бірақ ешқандай шешім қабылданған жоқ, біз утильалымды бұрынғысынша өте жоғары бағамен төлеп жатырмыз", - деп қосты спикер.
Бұған дейін Қазақстанның ұн тартушылары шамамен бір жарым аптаға жететін астық қоры қалды деп мәлімдеген болатын. Сондықтан олар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады.
Кейінірек ауыл шаруашылығы министрлігі тапшылық жоқ деп мәлімдеді. Айтуларынша, астық қоры ішкі нарықты қамтамасыз етуге және экспортқа шығаруға жеткілікті.
Жаңалықтар
0